Дүниежүзілік денсаулық күні аясында “Ertis Olympic” спорт кешенінің аумағында қызмет ардагерлері арасында “Көктемгі Денсаулық күні” атты спорттық жарыс өтті.
Павлодар қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен “Замандас” қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырған іс-шара “Артқа жылжымаймыз, бір орында тұрмаймыз, тек қана алға және баршамыз бірге!” ұранымен өтті.
Іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықты дамыту, сондай-ақ денсаулықты сақтауда профилактикалық және тәрбиелік мәні болды.
Жарысқа қатысушылар арасында немқұрайлылық танытып, қызығушылық білдірмеген адам болған жоқ. Осындай қызықты іс-шарада балалар ғана емес, ардагерлер де белсенді жанкүйерлер болды.
Денсаулық күнінде ең бастысы жеңіс емес, қатысу және жақсы көңіл-күй болды, бұл дегеніміз “Денсаулық күні” денсаулық үшін пайдалы өтті.
Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің 5 адамнан тұратын командасы: Л.М. Тлеулесова, С. З. Рамазанова, С. Х. Тайлакова, М.П. Рахматуллина және А. Т. Бестемиева жастарға үлгі болды. Оған эстафеталық ойындарға қатысу, үздік бәліш номинациясы, әдемі және жігерлі флеш-моб, және жарыста алған 2-орын дәлел болды.
Қатысушылар жарыстың нәтижесі бойынша Құрмет грамотасымен және Алғыс хатпен, сондай-ақ «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасының Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Салалық кәсіподақ төрағасы А.С. Темербаевтың атына қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің ардагерлері атынан алғыс сөздер айтылды. Кәсіподақтың жұмыс істеп жатқан ұжыммен ғана емес, сондай-ақ еңбек сіңірген демалыстағы әріптестермен де тығыз жұмыс жасалатыны аталып өтілді.
Біздің ардагерлер жан-тәнімен ғана емес, қуатты дене бітімімен де ерекшеленіп, әлі де жас екенін дәлелдеді.