1-ші сәуір 2019 жылы Алматы облысының денсаулық сақтау  басқармасы мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы  «Облыстық психикалық денсаулық  орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мәжіліс залында үш денсаулық сақтау мекемесінің орталықтырылуына байланысты  (Талдықорған психоневроологиялық, наркологиялық және Талғар наркологиялық диспансері) конференция өтті. Конференцияның шақырылу себебі мекеме директоры Ж.Сатыбалдиев ұжымның ұсынысы бойынша, қандай кәсіподаққа мүшелік етуін шешіп алу еді.

Мекеме директоры әр тарапқа «Senim»  кәсіподақ басшысы А.Исаевқа және Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағы Талдықорған филиалының төрағасы А.Шалтабаевқа регламент бойынша 10 минуттан уақыт берді. Кәсіподақ мүшелерінің алдында пікірталас үрдісіне тарту арқылы (дебат) өтті. Асан Мұқанұлы өзіндік позициясын, Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкері салалық кәсіподағының бағытын дәйекті және жүйелі түрде қорғай біліп, «Senim»  ұстанған позициясын теріске шығара білді.

Артынан, тек  облыстық психикалық денсаулық  орталығы кәсіподақ  мүшелерінің қатысуымен есеп беру- сайлау конференциясы өтіп,  Талдықорған психикалық денсаулық орталығының  кәсіподақ төрайымына   Иманова  Салтанат  Жұмаханқызы сайланды.

Ұжымның кәсіподақ мүшелері 99% дауыспен 95 – жылдық тарихы бар, алдына алған міндеттемелерін ұқыпты орындап жүрген – лайықты және сенімді Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерінің салалық кәсіподағына дауыс берді.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU