Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы (ҚДСҚСКО) саладағы жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және олардың әл-ауқатын арттыру үшін құрылған бірлестік ретінде елдегі дәрігерлік және орта медициналық қызметкерлердің жалақысын көтеруде бірқатар маңызды жұмыстар атқарды.:

1) Мамандыққа және біліктілік санаттарына байланысты жоғарылататын коэффициенттерді қолдану арқылы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақыны 30%-ға арттыруды көздейтін жаңа салалық келісімге қол қойылды;

2) Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі медицина қызметкерлерінің жалақысын елдегі экономикаға сай орташа айлық жалақыға жету үшін 292,6 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлді. Жылдар бойынша:

2020 жылға – 66,6 млрд.теңге;

2021 жылға – 90,7 млрд.теңге;

2022 жылға – 135,3 млрд.теңге.

3) Коронавирус жағдайында, 2020 жылдың наурызынан маусымына дейін 57,2 мың қызметкерге 34,4 млрд. теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді, оның ішінде:

– 10,6 млрд. теңге – қауіп-қатердің 1-тобындағы;

– 13,4 млрд. теңге – қауіп-қатердің 2-тобындағы;

– 10,4 млрд. теңге – қауіп-қатердің 3-тобындағы.

Бақытжан Тәжібай Бұл туралы ҚДСҚСКО басшысы Бақытжан Тәжібайдың төрағалығымен 2020 жылдың 20 тамызында өткен Кәсіподақ Орталық кеңесі Атқару комитетінің отырысында айтылды.

Отырыста 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жалақының өсуіне жүргізілген мониторинг нәтижелері тыңдалды. Мониторингті Кәсіподақ Әлеуметтік медициналық денсаулық сақтау қорымен (ӘМДСҚ) бірлесіп, кепілдендірілген медициналық сақтандыру аясында қаржыландырылатын және міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде қаржыландырылатын 640-тан астам медициналық мекемені, орташа саны 41,6 мың дәрігерлік персоналды және 117,900-ден астам орта медициналық персоналды қамтитын бақылау жүргізді. Сандарды кестелерден көре аласыздар. Сонымен, мониторинг дәрігерлік персоналдың орташа жалақысы (ОЖ) 30%-ға дейін және орта медициналық персоналдың ОЖ 20%-ға дейін көтерілгенін көрсетеді, ал Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың мақсатты индикаторларына қол жеткізілмеген, сондықтан осы жылдың II тоқсанында дәрігерлік персоналдың ОЖ-ын экономикаға сәйкес ОЖ-мен салыстырған кезде 1,3 жоспарынан 0,98 құрды.

2020 жылдың бірінші жартыжылдығында жалақыны көтеру бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелеріне сәйкес Орталық кеңестің Атқару комитеті біраз шешімдер қабылдады:

– жалақыны көтеру бойынша мақсаттарға қол жеткізудің орындалуының қоғамдық бақылауын жалғастыру;

– КВИ-мен күресу кезінде эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын, оның ішінде медициналық көмек көрсетпейтін, бірақ оны қамтамасыз ететіндерді қосқандағы жәрдемақыларды төлеу үшін медициналық персоналдың және басқа да мамандардың тізімін кеңейту бойынша шаралар қабылдау;

– уәкілетті органдармен бірлесіп, жалақының тұрақты бөлігін көбейтуге қаражат бөлу мақсатында эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан COVID-19 коронавирусымен күресу жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын медицина қызметкерлеріне қаржылық қолдау көрсету тәсілдерін қайта қарау жөніндегі шаралар қабылдау.

Сондай-ақ, Атқару комитетінің мүшелері елде төтенше жағдайдың және өңірлерде карантиннің енгізілуімен саланың көптеген жұмысшылары қашықтағы жұмысқа ауысқанын, жалақы төленбейтін еңбек демалысына шығуын, жұмыс уақытының қысқаруын, икемді жұмыс кестесіне көшуді, толық емес жұмыс уақытын белгілеуді, лауазымдардың қоса атқаруды және жұмыс орындарының уақытша ауысуы туралы атап өтті. Осының барлығы әлеуметтік-экономикалық жағдайды нашарлатып, жалақының төмендеуіне әсер етті.

Осыған байланысты біз жоғарыда аталған міндеттерді шешуге көп күш салуымыз керек, себебі біздің әл-ауқатымыз біздің біріккен игі істерімізге байланысты емес пе!

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU