Армысыздар қымбатты оқырман қауым!

Almaty Half Marathon 2026
Жыл сайын Алматы қаласында өтетін “Almaty Half Marathon 2026” көктемгі легі 2026 жылдың 19 сәуірінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
📍 Старт: Бірінші Президент саябағы
🏁 Финиш: Орталық стадион
Дистанциялар:
▫️ 21,1 км
▫️ 10 км
▫️ 10 км (скандинавиялық жүріс)
▫️ Эстафета (Ekiden)
Биылғы марафонға «Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығының» балалар дәрігері Серік Ләйлім AQNIET кәсіподағы қолдауымен қатысып, 21,1 км қашықтықты 2 сағат 45 минутта еңсерді.
🔹 10 000 қатысушының ішінде
🔹 Әйелдер арасында 124-орын көрсеткішіне қол жеткізді.
🎯 Almaty Marathon мақсаты:
1. Салауатты өмір салтын насихаттау
Қала тұрғындарын спортқа баулу, «қозғалыс – өмір» қағидасын қалыптастыру.
2. Қайырымдылық миссия
Жарыстан түскен қаражаттың бір бөлігі әлеуметтік жобаларға бағытталады.
3. Қоғамды біріктіру
Әртүрлі жастағы адамдарды ортақ мақсатқа — денсаулық пен белсенді өмірге жұмылдыру.
💐 Өз кезегімізде, кәсіподақ атынан Ләйлім ханымды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!

ЖАНАЛЫҚТАР

#15354

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

СІЗ БІЗ ТУРАЛЫ ҚАЛАЙ БІЛДІҢІЗ?
Сіздерге қандай жаңалықтар қызықты?
  • Add your answer

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
123 копия
345 копия
345 копия
543
543
Public Service International
Public Service International
EPSU
EPSU