Халықаралық мейірбике күні
Жер жанаты Жетісу өңірінің орталығы Талдықорған қаласында “Халықаралық мейірбике күні”-не арналған салтанатты іс-шара бастамасын алды. Мерекенің жоғарғы деңгейде өтуіне облыс кәсіподақтарының үлесі үлкен болды.
Жетісу облысының денсаулық сақтау басқарма басшысы Асқар Садықов құттықтау сөзінде мейіргерлердің ерен еңбектеріне алғыс білдіріп, баға жетпес тәжірибелерінің арқасында науқастарды түрлі дерттен сауықтырудағы рөліне тоқталды.
“AQNIET” кәсіподағы Алматы және Жетісу облыстары филиалының (ары қарай Филиал) төрағасы Асан Шалтабаев ‘Ұлт саулығы жолында аянбай еңбек етіп, біліктіліктеріңізбен биік белестерді бағындырып, әріптестер мен пациенттердің құрметі мен сүйіспеншілігіне бөлене беріңіздер’ деп тілек білдірді.
Медицина қызметкерлері мерекесіне Филиал атынан 45 белсенді кәсіподақ мүшелері демалыс орнына ТЕГІН жолдама, отызға жуық адам Түркістан шаһарына екі күндік экскурсияға ТЕГІН жолдама иегері атанды. Және де елуден астам кәсіподақ мүшелері түрлі марапат алды.
“AQNIET” кәсіподағы медицина қызметкерлерін еңбекке ынталандыру үшін әртүрлі іс-шараларды іске асыруда, оның ішінде денсаулығын нығайту, өрістерін кенейтетін жақын-алыс елдерге саяхат, ел ішіне экскурсия, кәсіподақ жұмысын әрі қарай жандандыру мақсатында семинар, вебинарлар т.б..
Президент Қ.Тоқаев айтқандай ‘еңбек адамының адал еңбегі лайықты, жоғары бағалану керек’.
Біздің де мақсатымыз сол.