АҚТАУ ҚАЛАСЫНДА МЕЙІРБИКЕЛЕР КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ
2025 жылғы 10 мамырда Ақтау қаласында Халықаралық мейірбикелер күніне арналған салтанатты кездесу өтті. Іс-шараны «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық филиалы ұйымдастырды.
Мерекелік жиын Ақтау қаласындағы «Caspian Riviera Grand Palace» қонақ үйінің «Бонжур» конференц-залында өтті. Кездесудің басты мақсаты – мейірбикелердің еңбегін бағалап, олардың кәсіби дамуына қолдау көрсету және салалық кәсіподақтың қызметімен таныстыру болды.
Бағдарлама аясында келесі баяндамалар тыңдалды:
1. «AQNIET» кәсіподағы – замандастар көзіммен» атты баяндамасымен Жанна Сайым, Маңғыстау облыстық филиалының төрайымы сөз сөйледі.
2. «AQNIET – Қытай ынтымақтастығына жол» тақырыбында Алтын Даутова, Алматы қаласы және Алматы облыстық филиалының төрайымы өз ойымен бөлісті.
3. Литвадан арнайы шақырылған халықаралық сарапшы, EPSU өкілі Алина Кравчук «Мейірбике ісіндегі көшбасшылық» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға білім сертификаттары мен естелік сыйлықтар табысталып, мерекелік дастархан жайылды.
Кәсіподақ өкілдері мен мейірбикелер қауымы бұл кездесудің жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, мұндай іс-шаралардың мамандардың ынтымақтастығын нығайтуға зор үлес қосатынын жеткізді