“DENSAÝLYQ”-тағы Атқару комитет шешімдері, тимбилдинг
Біздің филиал қызметкерлері қандай да болмасың түскен талап-тілек, арыз,сұраныстарға дер кезіңде жауап беруге әбден дағдыланған. Осы жолы да кезекті Атқару комитет жұмысын сыртта өткізсек деген әріптестеріміздің тілегін орындай келе, Қазақстанда ғана емес, Азия мемлекеттерінің сұлу, әдемі жерінің бірі – Іле-Алатау ұлттық саябағында орналасқан ,,Денсаулық” сауықтыру орталығында өз жұмысын бастап кетті. Күн тәртібіне қойылған сұрақтар толығымен қаралғаннан соң, 40-жылдан астам медицина саласында, оның 11-жыл бойы Достық ауылдық ауруханасында бастауыш кәсіподақ ұйымын басқарған Кенжегүл Алпысбаеваны салтанатты түрде зейнеткерлікке шығарып салу рәсімі өтті.
,,AQNIET “ Кәсіподағы Алматы және Жетісу облыстары филиалының Атқару комитеті атынан бағалы сыйлық, Алғыс хат және де көп жылдық еңбегін ескере келіп демалыс орнына тегін жолдама тапсырылды.
Өз сөзіңде Кенжегүл Туаршыбайқызы, жұмысы дұрыс жолға қойылған адал, әділетті ,,AQNIET” кәсіподағында медицина қызметкерлерінің құқығы мен мүдделерін қорғау үшін, бірге жүріп атқарған еңбегіне әріптестеріне алғысын білдірді. Кәсіподақ төраға/төрайымдары жылдар бойы кейде көзге көрінбейтің, бірақта ұжымға маңызды жұмыс атқарады. Көптеген игі іс-шараларды ұйымдастырып, өткізеді. Күйбең тірлікпен жүріп не спорттық, не мәдени-бұқаралық шараларға қатыса алмай сырттай жанкүйер болады. Соны және де мамыр айында өтетін бірнеше мерекелерді ескере келіп, сауықтыру орталығының тренажерлық зал мен бассейінін пайдаланып, спорттың бірнеше түрінен жарыс ұйымдастырылды. Кешкісін гитара, караокеде ән айтып, көңілді кештер өткізілді. Жеңімпаздар тиісті марапаттарын алды.
Кәсіподақ көшбасшылары таза ауамен тыныстап, тыныштықта құстар әнін тыңдап, әдемі табиғат аясында рахаттана демалып, алға қойылған жоспар-мақсаттарды орындауға күш-жігер жинап қайтты.