БАҚ ЖАРАСҚАНДАРҒА ТИЕСІЛІ
Кезекті түсіндірме жұмысы, еңбек дауы мен ұжымдағы ішкі шиеленістердің алдын алу жайында және де ұжымдағы бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысының барысын тыңдап, талқылауға Кербұлақ аудандық ауруханасында Конференция өз жұмысын бастады , ауыл мекендегі медқызметкерлер зум арқылы қатысты.
Жиналыс барысында “AQNIET” кәсіподағы, Алматы және Жетісу облыстары филиал төрағасы А.Шалтабаев филиал мен Астанадағы Орталық Кеңесте жүргізіп отырған үлкен жобалық жұмыс пен Бағдарламадағы басты мақсаттарға тоқталып өтті. Шиеленістерді болдырмау, болған жағдайда шешу тәсілдерін, іс-қимыл кезегі(алгоритм) түсіндірілді. Облысымыздағы медициналық мекемелерде “Текелі синдромын” болдырмас үшін кәсіподақ әкімшілік болып, біріге күш салысып, медқызметкерлердің әлеуметтік жағдайларын көтере отырып, ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтау, халыққа медкөмекті сапалы, дер кезінде көрсетуді қолға алу. Және ұжымдарда келеңсіз жағдайлар орнаған кезде бас салып ‘домалақ арыз’), жасырын хабар(анонимное обращение) ТВ, прокуратура, Президент демей, бірінші кезекте кәсіподақты құлақтандырып жүгіну керектігі, әлеуметтік серіктес ретінде сұрақтардың қандай деңгейде болмасын : -облыстық; -Министрлік;-Үкіметтік Кәсіподақ шешімін табатының, оған дәлел ретінде мысалдарда келтірілді. Хат-хабардағы көрсетілген келеңсіз жағдайлар шындыққа жараспаса, оған кеткен тексеру құрылымының уақыты, ем-дом процесінің тоқталуы т.б. алға тарта отырып жалған ақпарат таратқан үшін арыз беруші жаза арқалап қалу мүмкіндігі түсіндірілді.
Бас бухгалтер Р.Есқалиева кәсіподақ мүшелерінен жиналған жарнаның қандай іс-шараларға жұмсалу керектігін және де қатаң Жарғыда қаралған баптарға сәйкес, бастауыш кәсіподақ ұйымының тексеру комиссиясы қадағалап отыруы туралы ескертті.
Филиалдың жетекші маманы Д.Ахметова Кәсіподақтағы әр түрлі комиссиялар(жастар,жұмысшы әйелдер т.б.)жұмыстары, кәсіподақ мүшесі болудың тиімді жақтарын тізбелеп, түсіндіріп берді. Ағымды жылда конкурс,Спартакиада, турлар мен экскурсияларға белсенді түрде қатысуға шақырды.
Қорытындылай келе: -ұжымдағы кәсіподақ жұмысын жандандыру; – бір жағадан бас,бір жеңнен қол шығарып бірлік пен татулықта күш-жігерлерін халық денсаулығын нығайтуға жұмсау керектігі айтылды.
Бақ та, тақ та таласқанға емес, бірлігі жарасқанға тиесілі. Игі істерімізбен өркендей берейік!