Орталық Азия аймағын нығайтатын ынтымақтастық!

EPSU Орталық Азия аймақтық кездесуі аясында 2025 жылғы 3 сәуірде Астанада кәсіподақ ынтымақтастығы мен өңірлік әріптестікті дамытуға бағытталған екі стратегиялық маңызды меморандумға қол қойылды.
🤝1. Қырғызстан мен Қазақстан кәсіподақтары арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум.
Бұл құжат денсаулық сақтау қызметкерлерінің құқықтарын қорғау саласындағы екіжақты өзара іс-қимылды нығайтудағы жаңа қадам болды. Тараптар:
медицина қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау бойынша бірлескен жұмыс атқару;
еңбекті қорғау және цифрландыру саласындағы үздік тәжірибелермен алмасу;
бірлескен оқыту іс-шараларын, форумдар мен диалогтарды өткізу;
кәсіподақішілік жастар мен әйелдер бастамаларын қолдау туралы келісті
🤝2. Ташкент пен Астана қалалары арасындағы келісім
Қоғамдық қызмет көрсету, медицина және еңбек саясаты саласындағы қалааралық және мемлекетаралық байланыстардың дамуын көрсететін символикалық, бірақ маңызды құжат.
Бұл құжат денсаулық сақтау саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру үшін мүмкіндіктер ашады:
екі Астананың медициналық мекемелері арасындағы серіктестікті тереңдету
тұрақты даму стратегияларын іске асыруда өзара қолдау көрсету.
🙌Бұл келісімдер Орталық Азияның бірлік, кәсіби серіктестік және ынтымақтастық жолын таңдайтыны туралы маңызды белгі болып табылады.
Кәсіподақтар өз мүшелерін тек қорғап қана қоймайды, олар біріктіреді және дамытады!

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
gcash crash