2025 жылы 28 наурызында Қарағанды және Ұлытау облыстарының “Aqniet” Денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағы “ҚБ филиалының “Теміртау қаласының көпсалалы ауруханасы” ШЖҚ КМК бастауыш кәсіподақ ұйымында “AQNIET”кәсіподақ мүшелерімен кездесу өтті.
Кездесуге Қарағанды және Ұлытау облыстарының “AQNIET” филиалының төрағасы Г. Д. Есімсеиіт, филиал кеңесшісі А. А. Мадиярова және филиал заңгері В. А. Бородина қатысты.
“Теміртау қаласының көпсалалы ауруханасы” ШЖҚ КМК директоры С.Е. Кенжибаев “AQNIET” кәсіподағының рөлін және қызметкерлердің мүдделерін қорғау ісінде бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Филиал төрағасы Г. Д. Есімсеиіт конференцияға қатысушыларды “медициналық адвокат” Республикалық жобасымен, жақын арада кәсіподақтың жұмыс жоспарымен таныстырды.
Филиал кеңесшісі А. А. Мадиярова әлеуметтік серіктестіктің маңыздылығына баса назар аударды.
Филиал заңгері В. А. Бородина кәсіподақтың Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынастарын реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу мен қабылдаудағы рөлін атап өтті.
Кәсіподақ филиалы Қарағанды және Ұлытау облыстарының “AQNIET” кәсіподағының бастауыш кәсіподақ ұйымдарында тұрақты негізде кездесулер өткізетін болады.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543