Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасында жаңару мен берекенің, бейбітшілік пен бірліктің белгісі саналатын Наурыз мейрамына арналған жарқын әрі жүрекке жылы тиетін іс-шара өтті.
Мерекелік атмосфера аурухана ұжымын біріктіріп, барлық қызметкерлер белсенді түрде бағдарламаларға қатысты. Қонақтар ұлттық қазақи киімдермен келіп, салт-дәстүрге деген құрметі мен мәдениетке деген сүйіспеншілігін көрсетті. Камзол, шапан, ою-өрнек, бас киімдер мен әшекейлер — осының бәрі ерекше көңіл күй мен мерекелік рух сыйлады.
Іс-шара барысында әндер шырқалып, домбырамен күй ойналды, қатысушылар ұлттық билер билеп, викториналар мен ойындарға, байқауларға белсене қатысты. Қазақы киіз үй стилінде безендірілген фотозоналар мен ақ дастархан ұйымдастырылды.
Наурыз — бұл тек көктемнің келуі ғана емес, сонымен қатар сыйластық, бірлік пен ұрпақтар сабақтастығының маңызын еске түсіретін ерекше мейрам. Мұндай шаралар ұжымды ұйыстырып, оны нағыз бір отбасыға айналдырады.
Жаңа жыл әр шаңыраққа молшылық, денсаулық пен ынтымақ әкелсін!