Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!
Бүгін «Облыстық балалар клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ның мәжіліс залында Біріккен Ұлттар ұйымының Халықаралық әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықпен күрес күніне орай бастауыш кәсіподақ ұйымы жанынан құрылған Еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссия “Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!” атты шара өткізді. Медициналық қызметкерлер мен тұрғындардың әйелдер құқығы, әйелдер мен балаларға қарсы көрсетілетін зорлық-зомбылықтар, олардың алдын алу, олармен күрес жүргізу мәселелерін көтерген шараға Іле аудандық «Жанұя» отбасын қолдау орталығының директоры Нурсейтова Көркем Бақытқызы, осы орталықтың әлеуметтік қызметкері Байгусунова Самал Құндызбекқызы, Іле аудандық Ювениалды полиция бөлімінің басшысы Ахметов Мерхат Бауржанұлы, Іле аудандық полиция басқармасының майоры, әйелдердің құқығын қорғау бөлімінің инспекторы Шалапов Айгүл Тұрмұханбетқызы арнайы қонақ болып келіп, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық мәселелерінде атқарылып жатқан шаралар мен енгізіліп жатқан өзгерістер туралы баяндады. Медициналық қызметкерлердің қойған түйткілді сұрақтарына жауап берді. Әйелдердің құқығын қорғау мәселесіне ерекше тоқталды. Әйелдер ісі жөніндегі комиссия мүшелері де өздерінің ойларымен бөлісіп, соңғы кездегі осы салада заңнамаларға ендіріліп жатқан толықтырулар мен өзгерістер туралы хабардар етті.