AQNIETпен тек – АЛҒА!!!

03.09.2024 ж. “AQNIET” кәсіподағының Алматы және Жетісу облыстары филиалының Атқару комитетінің N 1-12/23 шешімімен, алдын ала келетініміз туралы Панфилов аудандық ауруханасының директоры Елікбаев Айдын Молдашұлына хат жолданып, 05.09.2024 ж. ертеңгісін жазиралы Жаркентке жол тарттық.
Іс сапардың мақсаты: медицина қызметкерлеріне Орталық Кеңесте, филиалда атқарылып жатқан жұмыстар барысымен таныстыру, XVII Конференция қорытындысын жан-жақты хабардар ету. Жақын арада Астана қаласында өтетін “AQNIET” кәсіподағының XV cъезіне талап-тілектерін тыңдап, сұрақтарын баяндама мен бағдарлама енгізу.
Мобильді топ құрамына филиал төрағасы А.Шалтабаев, Орталық Кеңес мүшесі Д.Ахметова, Атқару комитет мүшесі С.Рашидов, бас бухгалтер Р.Есқалиева кірді. Көптеген дәрігерлік амбулаториялардағы(ары қарай ДА) медицина қызметкерлерімен кездесіп, ашық әңгімеге тарттық. Қойылған сұрақтарына толық жауап алып, алғыстарын білдірді. Аудандық кәсіподақ комитетіне де ризашылықтарын білдіруді ұмытпады. Кемшілік тұстары да айтылды, аудандық кәсіподақ төрайымы келіп, жасалынып жатқан жұмыстарымен бөлісіп, кәсіподақ мүшелеріне берілетін жеңілдік пен ұсыныстарды көптеп айтса деген. Мобильді топтың тағы да бір үлкен мақсаты – ұжымның кәсіподақ жұмысына қатысты, ол, директор А.Елікбаев өз қолымен жазған 08.08.2024ж. N01-20-1168 хаттың қаншалықты рас және ҚР заңдарына сәйкес екендігін айқындау болды. Ағымдағы жылдың сәуір айында Панфилов аудандық ауруханасының Мәжіліс залында ауданның түкпір-түкпірінен келген семинар тындаушылардың алдында медицина қызметкерлерінің қоғамдық қорғаушысы Д. Нұрсапа, филиал төрағасы А. Шалтабаев, бас бухгалтер Р.Есқалиева дәріс беріп, үлкен ұжым мен әкімшіліктің кәсіподақ жұмысына көңілдері толатыны туралы өз ауыздарынан естіген едік.
Алайда арада аз уақыт өткенде, “AQNIET” кәсіподағы құрамындағы ұжым ойламаған жерден ‘senim’-ге өтуге асығады. Мәселенің анық-қанығын білу үшін, біз өз тарапымыздан не себепті ұжымның басқа кәсіподаққа ауысуын анықтауға тырыстық. Кейіннен белгілі болғандай, жалпы ұжымның “AQNIET” кәсіподағының жұмысына көңілдері толғанымен, әкімшілік-әміршілік жүйе, яғни ұжымның директоры және орынбасарлары тарапынан белгілі бір қысым нәтижесінде ауысуға мәжбүр болғаны анықталды.
Жоспар бойынша мобильді топ барлық ДА (СВА)ларды толық аралап өтуіміз керек еді, алайда директор А.Елікбаев сағ.11:00-ге бізбен кездесу өткіземін дегендіктен, Орталық ауруханаға кері қайттық.
Өкінішке орай ол кісі мобильді топты бір жарым сағат тостырып барып, бізді қабылдамастан шығып кетуге асықты. Әйтсе де біз жалынғандай бір-екі минут сұрап, мән-жайды айтып түсіндіруге тырыстық. Ол кісі өзінің басшыға лайықсыз мінезімен, толық құлықсыздығымен, өзі басқарып отырған ұжымның кәсіподақ жұмысына немқұрайды қарауымен біздің тарапымыздан жиіркеніш пен реніш тудырды.
Осыған дейін бәріміз білетіндей Жаркент өңірінің құрметті, сыйлы азаматтары Орталық аурухананың басшылық тізгінін ұстаған, медицина қызметкерлерінің құқығы мен мүддесін қорғаған, ұжымға жанашыр бола білген Тұрысбек Тохтахынұлы,Мұрат Мұхаметжанұлы,Толеу Құмарбекұлы, Насима Боранбайқызы, Марат Собетайұлы, Лязат Каимқызы, Лязат Қайратқызы т.б.белсенділермен қоян-қолтық жұмыс атқарып, Орталық аурухана кәсіподақ комитетінің еңбегі жоғары бағаланып, облыс бойынша әркезде алдыңғы орындарға ие болып отырды.
‘Ұлық болсаң,кішік бол’- деген сөз жоғарыдағы азамат/шаларды сипаттайды және де ол адамдар келеңсіз жағдайларға жол бермеген.
Алайда, қысым жасалып жатса да, бүгінгі күні өзіндік азаматтық ұстанымы бар, екі жүз елуден астам “AQNIET” кәсіподақ мүшелері өзіміздің кәсіподақ қатарында қаламыз деп отыр. Бірақ әкімшілік білу керек, біз әрбір кәсіподақ мүшесі үшін күресетінімізді, ол үшін барлық мүмкіндігіміз бар.
Тегінде, медицина қауымы құрылымы толыққанды жұмыс істейтін(әлеуметтік, заңгерлік, экономикалық, еңбек қауіпсіздігі т.б.), өзіндік және шет ел кәсіподақ қозғалысының алдынғы тәжірибесін қолдану арқылы кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, денсаулығын нығайту, білімін жетілдіріп ой-өрісін кеңейтетін ұсыныстар жасап жүрген кәсіподақты тандау керек.
Осы талаптарға толығымен сай келетін кәсіподақ, ол – “AQNIET”!
Менің ойымша, ешқандай құрылымы жоқ, жұмыс атқаратын жеке орны жоқ, Орталық Кеңесі есеп бермейтін, құрғақ уәдемен тойдыратын, адамдарды адастыратын ‘қалталы’ кәсіподақтың құрамына кіру, ережесімен жүру оғаш көрінеді, бұл менің жеке пікірім.
Қорытынды: екі кездесу(15.08.2024; 05-06.09.2024жж.) нәтижесін қорытындылайтын болсақ ұжым басшылықтың пәрменінен аса алмағанға ұқсайды және де басқа кәсіподаққа өтпесе жұмыстан айырылу, қудалау болады деген үрей бар.
Бұл фактілер ұжым мүшелерімен сөйлескенде, өзара әңгіме барысында толықтай расталды. Әкімшіліктің қудалауынан, қысымынан қорыққан медицина қызметкерлері бұл жағдайды ашық айтудан тайсалды. Бірақ сөзіміздің дәлелі ретінде аудио, видео жазбалар бар.
Бұл жерде жекелеген кісілердің тамыр-таныстығы немесе қаржылай қызушылығы болуы мүмкін. Іссапар қорытындысының хаттамасына видео және аудио жазбаларды қосып, Астанадағы Орталық Кеңес пен заңгерлердің құзырына жіберілді.
Бұл өмірде әділетті, адал және адам болып өткенге не жетсін.
Жаңа Қазақстанды ескі әдіспен емес, озық ой-тәжірибелермен өркендетейік!
Біздің күшіміз – бірлікте!
AQNIETпен тек – АЛҒА!!!

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU