Армысыздар қымбатты кәсіподақ оқырмандары!

🤩Сіздермен қуанышты хабармен бөліскіміз келіп отыр!
😍“AQNIET” Қазақстан денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Алматы қалалық филиалы, Алтын Жүсіпқызының қолдауымен кәсіподақ мүшелері КТК теле арнасындағы “Кел шырқайық” ұлттық ток шоуына қатысып, сайыстан 2ші орынды қанжығасына байлады.
🏆Сайысқа еліміздің түрлі өңірлерінен қатысқан үш команда болды:
1)”Шежіре” командасы – әжелер командасы;
2)”Ақниет” командасы – біздің кәсіподақ мүшелері (Алматы қаласы Денсаулық Басқармасы ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК оқытушылары);
3)Береке тобы (асабалар);
🥳Сайыс шарты бойынша командалар ән айтып, өз дайындаған өнерлерін көрсетті. “АҚНИЕТ” командасы “Сүйгенің қайда” әнін тірі дауыста шырқап, медициналық тақырыпта сахналық қойылым қойды.
🏆Әділқазылар мен көрермендердің бағалауы бойынша “Шежіре” командасы 1ші орын, “Ақниет” командасы 2ші орын, “Береке” тобы 3ші орынға ие болып КТК теле арнасынан, арнайы сыйлықтарға ие болды.
🎈Кәсіподақ мүшелеріне бүгінгі түсірілім ерекше әсер қалдырып, көтеріңкі көңіл – күй сыйлады.
🌷ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
☺️“АҚНИЕТ” сіздердің жұмыстан тыс уақыттарыңызды естен кетпестей етіп түрлендіріп, қызметкерлердің өмір сапасын жақсарту мақсатында еңбек етуде!
😉Егер сіз әлі “АҚНИЕТ” кәсіподағына кірмесеңіз дәл қазір ұжымға жаңа өзгеріс толқынын енгізетін кез келді!
БІЗ СІЗДЕРДІ КӘСІПОДАҒЫМЫЗДА КҮТЕМІЗ!

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU