“AQNIET”кәсподағы уәде бермейді, ол алға қойған жоспарын тыңғылықты орындайды.
Алматы және Жетісу облысы филиалының Атқару комитетінің N 2/17-11 2024 жылғы жұмыс жоспарының 15-ші пунктіне сәйкес: “Кәсіподақ мүшелерінің балаларына қамқорлық көрсету”-аясында жазғы демалыстары, сауықтырулары, мектепке дайындау мәселелері қолға алынды. Әлеуметтік жағдайлары төмендеу, мүмкіндігі шектеулі 20-ға жуық балалар тегін сауықтырылды.
Және де 3 млн.теңгеден астам қаражатқа 158 ұл-қыздарымыз мектепке толық даярланды(оқу-құрал жабдықтары, киім-кешек т.б.).
Балалардың күміс күлкісін естіп, қуанған жүзін көріп, алаңсыз бақытты балалық шағын тамашалағаннан артық керемет болмас.
Болашақтада ақ ниетті, адал жүректі балақайларымыздың денсаулығын нығайтып, қуантуды “AQNIET” кәсіподағы жоспарлы түрде жалғастырады.
Ал балалар болса алған білімі арқылы өз кезектерінде тәуелсіз мемлекетімізді кемелдендіреді және гүлдендіреді, біз оған кәміл сенеміз.
“AQNIET”-пен тек алға!