Бастауыш кәсіподақ ұйымдарын жұмылдыру арқылы табысты кәсіподақтарға шығу

Алматы облысындағы «Денсаулық» СОО-да еліміздің түкпір-түкпірінен келген кәсіподақ көшбасшыларына арналған «Бастауыш кәсіподақ ұйымдарын жұмылдыру арқылы табысты кәсіподақтарға шығу» атты екі күндік көшпелі семинар өз жұмысын бастады.

Аталған семинардың ұйымдастырушылары «Ф. Эберт қорының Қазақстандағы өкілдігі», EPSU және «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы.

Іс-шараның модераторы Ф. Эберт қорының Қазақстандағы өкілі – Зәуреш Шутова болды.  Ол Ф. Эберт қорының Қазақстандағы қызметі туралы айтып, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Осы күндері тәжірибелі жаттықтырушы, «КАМЕДА» қоғамдық қорының директоры Махаббат Еспенова мен EPSU-дан науқанды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі маман Артем Тидва сияқты қауымдастықтарды ұйымдастыру және жұмылдыру саласындағы сарапшылар сөз алады.

«AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Бақытжан Тәжібай құттықтау сөз сөйлеп, семинарды ашып берді. Сондай-ақ ол презентация барысында кәсіподақты ұйымдастыру негіздеріне тоқталды.

Жақында Польшада EPSU-дың ұйымдастыруымен өткен кәсіподақ көшбасшылары үшін стратегиялық ұйымдастыру және рекрутинг бойынша семинарға қатысып келген «AQNIET» Кәсіподағының Маңғыстау облыстық филиалының төрайымы Ж. Сайым мен Алматы филиалының төрайымы А. Даутова презентация жасап, алған білімдерімен бөлісті.

Артем Тидва «Рекрутинг және ұйымдастыру – жаңа деңгейге көтерейік!» тақырыбына тоқталды.

Махаббат Еспенова кәсіподақтағы көшбасшылық пен бастауыш кәсіподақ ұйымдары қызметінің тиімділігінің негізгі көрсеткіштері туралы тақырыптармен бөлісті.

Семинардың мақсаты – қауымдастықтарды кәсіподақтарға жұмылдыру технологиялары бойынша білім мен дағдыларды беру арқылы бастауыш кәсіподақ ұйымдары көшбасшыларының құзыреттілігін арттыру. Семинарда қатысушылар жұмыс орындарындағы проблемаларды анықтау және шешу стратегияларын, сондай-ақ кәсіподақ мүшелерін ұжымдық іс-әрекетке жұмылдырудың тиімді әдістерін зерттейді. Тәжірибелі кәсіподақ ұйымдастырушылары өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды.

Қатысушылар сұрақтарын қойып, командалық жұмыстарға қатысты, сондай-ақ тренингтен не күтетіндерін талқылады және «AQNIET» Кәсіподағы филиалдарының қызметін жақсарту үшін болашақ қадамдарды белгіледі.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU