Елімізде миллионер мейірбикелер көбеюі мүмкін.

Үздік екі мейіргер Дубайға аттанады.
Денсаулық сақтау саласы қызметкерлері ең төменгі жалақының 100 есе көлемінде 8,5 млн теңге бір рет көтермеақы алады. Дегенмен мейіргерлер, дәрігерлердің жұмыс барысында құқығы тапталып, дене жарақатын алу, жұмыстан қудалану сияқты түйіткілдер де азамай тұр. Биыл «AQNIET» кәсіподақ ұйымына 18 мыңнан астам медицина қызметкері шағым жазыпты. Бұл дау-дамайды шешуге 900 мың теңгеге жуық қаржы жұмсалыпты. Әрине адвокаттың қызметін төлеуге мейіргердің қалтасы жұқа. Кәсіподақ ұйымы биыл 70-ке тарта медицина өкілінің құқығын сот арқылы қорғады.
Бүгін Алматыда өткен «Ана мен бала» халықаралық ғылым, білім беру форумында «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Бақытжан Арынұлы осындай өзекті мәселені алға тартты. Оның айтуынша әлемде 6 миллион мейірбике жетіспейді. Дәрігерлер мен мейіргерлердің тапшылығы еліміздегі өзекті мәселенің бірі.
Ауылға жұмыс істеуге баратын медицина қызметкеріне қомақты қаржы төлеу, баласын бала-бақшаға кезектен тыс орналастыруға рұқсат беру Президент қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу» туралы заңмен бекітілді. «Үздік маман» республикалық байқауының жеңімпазы 500 АЕК ,”Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері” құрметті атағы иеленген дәрігер 1000 АЕК ақша алады.
Әрине мейіргерлерге халықаралық стандарттарға сәйкес еңбек ету, кәсіби біліктілігін жетілдіру үшін атқарылып жатқан шаралар бүгінгі жиында талқыланды. Науқасты емдеу кезінде мейіргерлердің еңбегі зор. Жиында «AQNIET» кәсіподақ ұйымының Алматы қаласы бойынша филиалының төрайымы Алтын Даутова ең үздік мейірбикелерге Дубайға саяхаттап, демалуға жолдама тарту етті.
Бүгінгі жиынға Сенат депутаты Геннадий Шиповских, мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова қатысты. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше елімізде төрт мыңнан астам мейірбике жетіспейді. Әзірге қанша медицина қызметкерінің миллионердің тізіміне қосылатыны белгісіз. Өйткені заң бес айдан кейін күшіне енеді.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU