ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕЙІРГЕРЛЕР КҮНІ
12 мамырда әлемнің 50-ден астам елінде Халықаралық мейіргер күні атап өтіледі. Мейіргерлер денсаулық сақтау жүйесінің тірегі болып отыр және болып қала береді, өйткені науқастарға жасалатын барлық қамқорлықтың 80 пайызы мейіргерлерге артылған. Олардың еңбегі мен төзімділігінің, эмпатикалық көзқарасының, жауаптылығының, зейінінің, мейірімділігінің арқасында адамдар өз сырқатымен күреседі. Науқас жандардың оларға деген ризашылық энергиясы жинақталып, мейіргерлерімізге сарқылмас бақыт, толағай табыс, әрдайым сәттілік әкелсін.
Кәсіподақ ұйымының басшысы ретінде сіздерге лайықты еңбекақы, сыйақы және еңбек демалысын, қауіпсіз еңбек жағдайларын, әрдайым басшылықпен өзара түсіністік болуын тілеймін. Бір сөзбен айтқанда, сіздерді жоғары баға мен құрметке лайықты жандар ретінде құрметтесін!
Құрметті біздің мейіргерлер, сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Әрқайсыңыздың өміріңіз көптеген жағымды жаңалыққа толсын, дендеріңізге саулық, мол бақыт, отбасы амандығын тілеймін. Өмірлеріңіз сүйіспеншілікке толы болсын!
“AQNIET”Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды және Ұлытау облыстары филиалының төрағасы Александра Мадиярова.