Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Білім беру мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің отырысы өтті.

Отырыста төрағалық етушілер партияның Атқарушы хатшысы Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы және
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Кеңес төрайымы Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы болды.
▶️Негізгі баяндамаларды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы жасады. Күн тәртібіндегі екі сұрақ: Партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Жол картасының орындалуы және медициналық ұйымдар мен мекемелердің кредиторлық берешегін шешу жолдары туралы.
Қатысушылар ашық және қызу түрде бар өзекті мәселелерді талқылады, сонымен қатар шешу жолдарын да ұсынды. Әсіресе әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысына шын сын айтылды. Өз тарапымнан бірнеше пікір айтуға мүмкіндік болды.
🔹️19 сәуірде Президент қол қойған заңда медицина қызметкерлеріне арналған әлеуметтік, қаржылық, құқықтық жаңалықтар ескерілген. Оның тиесілі деңгейде орындалуы, жүзеге асуы ортақ жігеріміз бен әрекеттерімізге тәуелді екені туралы.
🔹️Денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру саясатында мекемелердің табыстарын өсіруге назар бөлінуі қажет.
Бұл жерде тек қана ішкі оптимизацияға жүгінбей, жалпы саланы қаржыландыруды қаржы министрлігі мен үкіметке ықпал жасау арқылы да жеткілікті бөлінуіне қамтамасыз ету туралы. Оңтайландыру саясаты тәжірибе жүзінде қызметкерлерге өз теріс әсерін тигізуде. Өйткені мекеме басшылары көбінесе шығыстарды азайтуды қызметкерлердің жалақы қорынан жасауға тырысады.
🔹️Қордың қызметін реттеу, соның ішінде айыппұлдарды шектеу және азайту, сондай-ақ үлестіру комиссияларының құрамына тәуелсіз мүшелерді кіргізу. Соның ішінде кәсіподақтарды кіргізу. Бұлай істелсе, коррупциянның алдын алуы деп білемін. Қор қызметкерлері айыппұлдарды шантаж механизмдері ретінде қолданып жатқандарын білеміз…
🔹️Корпоративтік басқару принциптерін енгізудегі Қадағалау кеңестерінің жұмысын жандандыру. Мысал ретінде Қостанай облысындағы қызметкерлердің құқығының бұзылуы фактілерін айттым. Осы сұрақ бойынша нақты оң шешімнің болатынына сенімдімін. Өйткені бұл мәселені партия өз бақылауына алатынына отырыс төрағасы арнайы тоқталды.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU