Облыстық перинаталды орталықта маңызды да қуанышты оқиға! 👶🎉
Бүгін ұжымымыздың әрбір қызметкері үшін елеулі күн. Орталығымызда жаңа Ұжымдық шартқа ресми түрде осы орталықтың басшысы О.Ким және жұмыскерлер атынан Біріккен өкілдік ұйым қол қойды!
Бұл — жай ғана құжат емес, бұл — ынтымақтастық пен сенімнің, әрбір маманымызға деген құрметтің көрінісі. Күн сайын жаңа өмірдің есігін ашып, ана мен баланың денсаулығы үшін аянбай тер төгіп жүрген дәрігерлер, акушерлер, медбикелер мен техникалық қызметкерлердің еңбегі әрдайым лайықты бағалануы тиіс.
Жаңа Ұжымдық шарт не береді?
🔹 Қызметкерлердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын күшейтеді;
🔹 Еңбек жағдайын жақсарту мен қауіпсіздікті жаңа деңгейге көтереді;
🔹 Ұжымдағы ауызбіршілік пен тұрақтылықты одан әрі нығайтады.
Кәсіподақ ұйымы мен орталық әкімшілігінің ортақ мәмілеге келіп, осындай маңызды қадам жасауы — бірлескен жетістігіміз. Өйткені риза болған маман — сапалы медициналық көмектің кепілі!
Біз бірге жүріп қана биік белестерді бағындырамыз. Барша әріптестерді бұл айтулы оқиғамен құттықтаймыз!
БІЗДІҢ ӨРКЕНДЕУІМІЗДІҢ НЕГІЗІ ИГІ ІСТЕРІМІЗДЕ!













