Кезекті есеп беру жиыны

«AQNIET» Кәсіподағының Алматы және Жетісу облыстары бойынша филиалының аппараты МОДБ медицина қызметкерлерімен бірге бастауыш кәсіподақ ұйымының атқарған жұмыстары туралы есепті тыңдады. Кездесу барысында Орталық кеңес пен филиал тарапынан жүзеге асырылып жатқан ауқымды жұмыстар таныстырылды.
Қатысушылар «AQNIET» кәсіподағының медицина қызметкерлерінің құқықтары мен әлеуметтік мүдделерін қорғау бағытындағы жүйелі еңбегіне жоғары баға берді.
Әсіресе: -құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған семинарлар; -денсаулықты нығайту бағдарламалары; -Қазақстанның көрікті жерлеріне, ТМД елдеріне және Қытайға ұйымдастырылатын сапарлар;-тәжірибе алмасу және медициналық туризм; -қызметкерлерге құқықтық қолдау көрсету бағыттары ерекше ықыласқа ие болды.
Бұл – жай ғана уәде емес, нақты іске асқан жұмыстар!
Кәсіподақтың XV съезінде қабылданған бағдарлама мен филиалдың жылдық жұмыс жоспарлары толық орындалып келеді. Бірқатар бағыттар бойынша жоспарлы көрсеткіштерден асып түсу де байқалады.
Кәсіподақтың күші – құр сөзде емес, нақты істе!
Біздің атқарған жұмыстарымыз бен кәсіподақ жарналарының жұмсалуы туралы ақпарат әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларымызда ашық жарияланып отырады.
Кездесу барысында кәсіподақ белсенділерімен, бөлім меңгерушілерімен және МОДБ басшылығымен еңбек жағдайларын жақсарту, медицина қызметкерлерінің денсаулығын нығайту және әлеуметтік-экономикалық ахуалын арттыру мәселелері талқыланды.
Қатысушылардың ұсыныстары мен ескертулері назарға алынып, орындалуы бақылауға алынды.
«AQNIET» – медицина қызметкерлерінің сенімді тірегі, құқықтық қорғаны және жарқын болашаққа бастар жолы!
Бізбен бірге болыңыздар! Бірлігіміз бекем, мақсатымыз айқын, болашағымыз жарқын болсын!
AQNIET – бірге біз күшпіз!

ЖАНАЛЫҚТАР

#16109

AQNIET кәсіподағының халықаралық тәжірибе алмасу бағдарламасы басталды!

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

СІЗ БІЗ ТУРАЛЫ ҚАЛАЙ БІЛДІҢІЗ?
Сіздерге қандай жаңалықтар қызықты?
  • Add your answer

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
123 копия
345 копия
345 копия
543
543
Public Service International
Public Service International
EPSU
EPSU