Консультативтік органнан заңнаманы азаматтық сараптау орталығына
Бүгін Астанада ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен Қазақстанда парламентаризмді дамыту Қоры ұйымдастырған «Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата: консультативтік органнан заңнаманы азаматтық сараптау орталығына» атты дөңгелек үстел өтуде. Іс-шараның мақсаты: қоғамдық палатаны жаңғырту жолдарын талқылау және оның заң жобаларына ашық, кәсіби және тәуелсіз сараптаманы қамтамасыз ететін институт ретінде 2027 жылға дейінгі даму моделін анықтау. Алдағы талқылаудың негізгі блоктары ұсынылған: палатаны реформалаудың өзектілігі; даму бағыттары және талқылаудың негізгі мәселелері; халықаралық тәжірибе; аналитикалық шолу.
Дөңгелек үстел жұмысына «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының өкілдері қатысады. Сондай-ақ, қоғамдық палата маңызды заңнамалық бастамаларды талқылауға кәсіподақтарды тартып, оларды азаматтық сараптаманың негізгі қатысушылары және қызметкерлердің мүдделерін көрсететін кәсіби пікірді жеткізушілер ретінде қарастырады. Кәсіподақтардың қатысуы қоғамдық бақылауды күшейтуге, заң жобаларының сапасын арттыруға және азаматтық қоғамның мемлекеттік шешімдер қабылдау процестеріне нақты енгізілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Іс-шара Парламент, сарапшылар қауымдастығы, қоғамдық ұйымдар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар мен ҮЕҰ өкілдерін біріктірді. Бағдарламада: 2027 жылға дейін қоғамдық палатаны дамыту үшін ұсыныстарды қалыптастыру бойынша негізгі баяндамалар, Талдамалық шолудың тұсаукесері, панельдік пікірталастар және интерактивті сессиялар.
Дөңгелек үстел Қоғамдық палатаны дамыту жөніндегі жұмыс платформасын құру туралы бастаманы талқылаумен және 2026 жылдың I тоқсанының соңына дейін Жол картасын дайындау міндеттемесімен қарар қабылдаумен аяқталды.















