«AQNIET» Кәсіподағы Атқару комитетінің кеңейтілген отырысы

Бүгін Бақытжан Тажібайдың төрағалығымен «AQNIET» Кәсіподағы Атқару комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда саланы қаржыландырудың негізгі мәселелері, медицина ұйымдарындағы жалақының төмендігі және ӘМСҚ тарифтік саясатын өзгерту қажеттілігі талқыланды.
? Кәсіподақ қаржыландырудың кешігуі, айыппұл санкциялары мен ӘМСҚ-ның төмендетуші коэффициенттері қызметкерлердің табысының азаюына, артық жүктемеге және олардың еңбек құқықтарының бұзылуына алып келетінін алаңдаушылықпен атап өтті. ҚР Президенті белгіленген жалақы бойынша мақсатты көрсеткіш (2,5 коэффициент) әлі күнге дейін орындалмаған.
? «AQNIET» Кәсіподағы жалақыны арттыру, тарифтерді қайта қарау және сала мамандарына кері әсерін тигізетін айыппұл тетіктерін жою мәселесінде бірізді ұстанымын жалғастырып келеді.
↪ «AQNIET» Кәсіподағының ұстанымы:
​1.​Медициналық қызметкерлердің еңбекақысын және медициналық көмекті қаржыландыруды пациенттің сақтандыру мәртебесіне, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына жүгіну немесе жүгінбеу фактісіне тәуелділіктен шығару.
​2.​Денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастырудағы жүйелі кемшіліктерге байланысты, қызметкерлердің табысына әсер ететін айыппұл санкцияларын, төмендетуші коэффициенттерді және КДУ бойынша сызықтық шкаланы қолдануды тоқтату.
​3.​Жоғары шығынды медициналық көмектің түрлерін қаржыландыруды жеке мемлекеттік бағдарламалар немесе медициналық қызметкерлердің жалақысының төмендеуіне жол бермейтін тетіктер арқылы қамтамасыз ету.
​4.​Қолданыстағы тарифтер, айыппұлдар және коэффициенттер жүйесін қайта қарау үшін кәсіподақтар мен кәсіби медициналық қауымдастықтардың міндетті қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобын құру, сондай-ақ сала қызметкерлерінің жалақысын 100%-дан 150%-ға дейін арттыру бойынша жеке бағдарламаны әзірлеу.
? Отырыс мазмұнды өтті және сала қызметкерлерінің құқықтарын қорғауда Кәсіподақтың ортақ ұстанымын тағы бір мәрте дәлелдеді.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

СІЗ БІЗ ТУРАЛЫ ҚАЛАЙ БІЛДІҢІЗ?
Сіздерге қандай жаңалықтар қызықты?
  • Add your answer

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
123 копия
345 копия
345 копия
543
543
Public Service International
Public Service International
EPSU
EPSU