БІРЛІГІМІЗ – БЕРЕКЕМІЗ, ЫНТЫМАҒЫМЫЗ – КҮШІМІЗ!
«AQNIET» Кәсіподағы Алматы және Жетісу облыстары филиалының 2026 жылдың есепті кезеңінде атқарған жұмыстары – ортақ мақсат жолындағы жүйелі еңбектің, бірлік пен жанашырлықтың нәтижесі кезекті Атқару комитеті мен кеңейтілген кеңес отырысында терең талқыланды.
Бүгінде Филиал құрамында 21 бастауыш кәсіподақ ұйымы және 6500-ден астам кәсіподақ мүшесі бар.
2026 жылдың басты нәтижелері:
Әлеуметтік қолдау, қайырымдылық, қаржылай көмек және жеңілдіктер ұсыну бағытындағы жұмыстар да жалғасын тапты.
Әлеуметтік әріптестік нығайып, медицина қызметкерлерінің талап-тілектері мен өзекті мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Біздің басты құндылығымыз – адам, басты міндетіміз – оның құқығы мен мүддесін қорғау!
Біз үшін әрбір кәсіподақ мүшесінің мәселесі маңызды, әрбір медицина қызметкерінің еңбегі бағалы!
«AQNIET» – жай ғана кәсіподақ емес, бұл – қолдау, қорған және ортақ мүдде жолындағы бірлік!
Бірге болсақ – биік белестерді бағындырамыз!















