САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САЛА: НӘТИЖЕ, МІНДЕТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Қонаев қаласында Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің 2026 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы мен жыл соңына дейінгі міндеттеріне арналған кеңейтілген кеңес өтті.
Жиында өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал, жұқпалы аурулардың алдын алу, халықты профилактикалық егулермен қамту, иммундау жоспарының орындалуы және алдағы міндеттер жан-жақты талқыланды.
Сондай-ақ, жұмыс сапары аясында Ұлттық сараптама орталығының зертханалық бөлімшелеріне арнайы аралау ұйымдастырылып, санитариялық-гигиеналық, вирусологиялық, клиникалық зертханалардың тыныс-тіршілігімен, зерттеу бағыттарымен және материалдық-техникалық мүмкіндіктерімен таныстық.
Кеңес барысында «AQNIET» Кәсіподағы Алматы және Жетісу облыстары филиалының төрағасы Асан Шалтабаев кәсіподақ ұйымының атқарған жұмыстары, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау бағытындағы бастамалары, сондай-ақ алдағы жоспарлары туралы мазмұнды баяндама жасады. Қатысушылардың сұрақтарына нақты әрі тұшымды жауап берді.
Жиынды Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Марат Исмаилов жүргізді. Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Бақытұлы, Ұлттық сараптама орталығының директоры Гүлнар Байдалина және сала мамандары қатысты.
Кеңес алдында Ұлттық сараптама орталығының жаңадан тағайындалған директоры Гүлнар Тоқтамысқызын құттықтап, жауапты қызметіне толағай табыс тіледік.
Жиын соңында саладағы белсенді әрі үздік қызметкерлер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамоталарымен, төсбелгілерімен және Алғыс хаттарымен марапатталды.
«AQNIET» үшін басты құндылық – адам және оның еңбегі!
Біз кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік жағдайын жақсарту, кәсіби мүдделерін қолдау және лайықты еңбек жағдайларын қалыптастыру жолындағы жұмыстарымызды жүйелі түрде жалғастыра береміз.
«AQNIET» – қызметкер құқығының қорғаны, еңбегінің жанашыры!















