ЕҢБЕГІҢІЗГЕ – ҚҰРМЕТ, ӨМІРІҢІЗГЕ – ІЗГІЛІК!

Бүгін Ескелді аудандық орталық ауруханасында ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет атқарып, ұжымның құрметіне бөленген директор Кусмолданова Сәуле Рысбекқызын құрметпен шығарып салуға арналған тағылымды шара өтті.
Ақ халатты абзал жандардың еңбегі – адам өміріне араша түсіп, халық денсаулығын сақтауға бағытталған қасиетті қызмет. Осы жауапты жолда Сәуле Рысбекқызы өзінің кәсіби біліктілігімен, іскерлігімен, парасаттылығымен және медицина саласына деген адалдығымен ерекшелене білді.
Ескелді аудандық аурухана мекемесінде еңбек еткен жылдары ол денсаулық сақтау ұйымының дамуына елеулі үлес қосып, ұжымның бірлігі мен ұйымшылдығын нығайтуға, медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған жұмыстардың басы-қасында болды. Пациенттерге деген жанашырлығы, әріптестеріне көрсеткен қолдауы мен адамгершілік қасиеттері оның кәсіби болмысын айшықтай түсті.
Адамның еңбегін бағалау – оның өмір жолына деген құрметтің белгісі. Осы ерекше күні әріптестері Сәуле Рысбекқызына бірге атқарған жұмыстары, көрсеткен қолдауы, бөліскен тәжірибесі мен ұжым игілігі үшін жасаған еңбегі үшін шынайы алғыстарын білдірді.
🏅 Сонымен қатар, «AQNIET» Кәсіподағы Алматы және Жетісу облыстары Филиалының атынан, Шалтабаев Асан Мұқанұлының қатысуымен, Сәуле Рысбекқызына кәсіподақ қозғалысының дамуына және ортақ іске қосқан үлесіне көрсетілген құрметтің белгісі ретінде «AQNIET» Кәсіподағының үздігі» төсбелгісі табысталды.
Бұл марапат – еселі еңбектің еленуі мен абыройлы қызметке көрсетілген құрметтің айқын көрінісі!
Құрметті Сәуле Рысбекқызы!
Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, шаңырағыңызға шаттық пен береке тілейміз! Өміріңіздің жаңа белесі қуанышты сәттерге, жарқын кездесулерге және жүрекке жылу сыйлайтын ізгі жаңалықтарға толы болсын!
Жылдар бойы жинаған тәжірибеңіз бен парасатыңыз өзіңізге әрдайым рухани байлық сыйлап, еңбегіңіздің жемісін көріп, жақындарыңыздың ортасында бақытты ғұмыр кешіңіз!
Еңбек жолындағы абыройыңыз – кейінгі ұрпаққа өнеге, ал артта қалдырған ізгі істеріңіз – әріптестеріңіздің жүрегінде сақталатын қымбат естелік!
Алдағы өмір жолыңыз тек жақсылыққа бастасын! Әр күніңіз шаттыққа, әр сәтіңіз бақытқа толы болсын!
Ақ жол Сізге! Еңбегіңізге мың алғыс!

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

СІЗ БІЗ ТУРАЛЫ ҚАЛАЙ БІЛДІҢІЗ?
Сіздерге қандай жаңалықтар қызықты?
  • Add your answer

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
123 копия
345 копия
345 копия
543
543
Public Service International
Public Service International
EPSU
EPSU