РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

25 қазан – Республика күніне орай денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты жиынға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов, «Ақниет» кәсіподағы Маңғыстау облыстық филиалының төрайымы Жанна Сайым және медицина саласының ардагерлері мен мамандары қатысты.
Ғалымжан Ниязов медицина қызметкерлерін ұлттық мерекемен құттықтап, халық денсаулығын сақтау жолындағы жауапты еңбектеріне алғыс білдірді.
♦️ Салтанатты іс-шарада медицина қызметкерлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық наградаларымен, «Еңбек ардагері», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерімен, министрліктің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар медицина саласының үздіктеріне Санжар Асфендияров атындағы арнайы төсбелгі, «Университет мақтанышы» медалі, «Ардагер» және «Авиценна» төсбелгілері табысталды.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

СІЗ БІЗ ТУРАЛЫ ҚАЛАЙ БІЛДІҢІЗ?
Сіздерге қандай жаңалықтар қызықты?
  • Add your answer

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
123 копия
345 копия
345 копия
543
543
Public Service International
Public Service International
EPSU
EPSU