ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІН ҚОРҒАУДЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ!
«AQNIET» кәсіподағы – әділдік пен сенімнің, бірлік пен ынтымақтастықтың тірегі!
Медицина қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында «AQNIET» кәсіподағының Алматы және Жетісу облыстары филиалы ұйымдастырған мазмұнды семинар Кербұлақ аудандық ауруханасында жоғары деңгейде өтті.
Семинар барысында медицина қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғау, заңды мүдделерін сақтау, еңбек қатынастарындағы өзекті мәселелер және құқықтық сауаттылықты арттыру бағыттары кеңінен талқыланды. Кездесу қатысушыларға өз құқықтарын тереңірек түсінуге, еңбек заңнамасының талаптарын білуге және туындаған мәселелерді заң аясында шешу жолдарын меңгеруге мүмкіндік берді.
Мұндай тағылымды кездесулер – медицина қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін қалыптастырып, әділдікке негізделген, қауіпсіз әрі қолайлы еңбек ортасын нығайту жолындағы маңызды қадам. Өйткені өз құқығын білетін, заңды талаптарын қорғай алатын маман – кәсіби сенімділіктің де, сапалы еңбектің де негізі.
«AQNIET» кәсіподағы үшін әрбір медицина қызметкерінің құқығы мен мүддесі маңызды! Кәсіподақ қызметінде алалау мен бөлінуге орын жоқ. Әділдік, адалдық, ашықтық және өзара қолдау – ұйымның басты ұстанымдары. Ынтымақтастық пен бірлікке негізделген кәсіподақ бүгінде медицина мамандарының кәсіби, әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғауда сенімді тірек болып, олардың мүддесін табанды түрде қорғап келеді.
Кербұлақ аудандық орталық ауруханасының күрделі жөндеуден кейін қайта ашылуына орай «AQNIET» кәсіподағы филиалының атынан аурухананың стационары мен емханасына қажетті тұрмыстық техника – микротолқынды пештер сыйға тартылды.
Бұл – медицина қызметкерлерінің күнделікті еңбегіне деген құрмет пен қамқорлықтың, олардың жұмыс жағдайын жақсартуға бағытталған ізгі ниеттің көрінісі. Себебі медицина мамандарына қолдау көрсету – олардың еңбегін бағалаудың және адамға деген жанашырлықтың айқын белгісі.
Кәсіподақ күні мен Республика күні мерекелеріне орай кәсіподақ комитетінің белсенді мүшелері өздерінің қоғамдық жұмыстардағы белсенділігі, кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан үлесі және медицина қызметкерлерінің мүддесін қорғау жолындағы еңбегі үшін алғыс хаттармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бұл марапаттар – белсенділердің еңбегіне берілген лайықты баға, кәсіподақ ісіне деген адалдық пен жанашырлықтың жарқын көрінісі.
AQNIET жолы – әрбір медицина маманының құқығы қорғалып, еңбегі бағаланатын жарқын болашаққа бастайтын кемел жол!
Біз біргеміз – күшпіз! Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз берік болсын! Өйткені медицина қызметкерінің құқығын қорғау – кәсіподақтың басты міндеті, ал оның еңбегін бағалау – баршамызға ортақ жауапкершілік!















