ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ФОРУМЫ

Моңғолия мемлекетінің астанасы Ұлан-Батыр қаласында денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының 100 жылдық мерейтойына арналған халықаралық кездесу өтті.
Салтанатты ісшара алдында Халықаралық форум өтіп, оған Моңғолия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркия елдерінің кәсіподақ қозғалысы көшбасшылары қатысты.
Халықаралық іс-шаралар бағдарламасы делегация басшыларының Моңғол кәсіподақтары конфедерациясының Президенті Э.Тамирмен кездесуінен басталды. Кездесу барысында кәсіподақтардың өзара ынтымақтастығын нығайту, медицина қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік әріптестікті дамыту бағыттары талқыланды.
Қазақстан атынан Қазақстандық денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподағы «AQNIET» делегациясы қатысты:
Әлия Әбиева – «AQNIET» республикалық кәсіподағы төрағасының орынбасары;
Асан Шалтабаев – «AQNIET» Алматы және Жетісу облыстары Филиалының төрағасы.
Форумның негізгі іскерлік алаңы – «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің еңбегін қорғау – кәсіподақ қызметінің басты бағыттарының бірі» тақырыбындағы халықаралық конференция болды.
Конференция аясында Қазақстандық «AQNIET» кәсіподағы атынан Денсаулық сақтау саласы кәсіподақтарының Орталық Азия кеңесінің отырысында Алия Әбиева баяндама жасады.
Ол «Қауіпсіздік орталығындағы адам: денсаулық сақтау саласында қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастырудағы кәсіподақтардың рөлі. Қорғау архитектурасы» атты мазмұнды баяндамасын ұсынып, медицина қызметкерлері үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыру, өндірістік жарақаттардың алдын алу және «нөлдік жарақаттану» қағидатын енгізудің маңыздылығына тоқталды.
Моңғолия денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының ғасырлық мерейтойына арналған салтанатты жиында қатысушы елдердің делегация жетекшілері құттықтау сөз сөйлеп, кәсіподақ қозғалысының дамуындағы тарихи жетістіктерге жоғары баға берді.
Форум аясында халықаралық әріптестікті одан әрі нығайту мақсатында Түркия денсаулық сақтау кәсіподағының Президенті Давлет Сертпен екіжақты кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында кәсіподақтардың ынтымақтастығын кеңейту, тәжірибе алмасу және медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау бағытындағы бірлескен жұмыстар талқыланды.
Халықаралық форум – денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің мүддесін қорғау жолындағы кәсіподақтардың бірлігі мен өзара қолдауының айқын көрінісі болды.
«AQNIET» кәсіподағы халықаралық ынтымақтастықты нығайта отырып, медицина қызметкерлерінің лайықты еңбек жағдайын қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қорғау бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді.

ЖАНАЛЫҚТАР

#16109

AQNIET кәсіподағының халықаралық тәжірибе алмасу бағдарламасы басталды!

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

СІЗ БІЗ ТУРАЛЫ ҚАЛАЙ БІЛДІҢІЗ?
Сіздерге қандай жаңалықтар қызықты?
  • Add your answer

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
123 копия
345 копия
345 копия
543
543
Public Service International
Public Service International
EPSU
EPSU