ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың құттықтау сөздері

«AQNIET» денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымын 100 жылдық мерейтойымен құттықтау сөздері:
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов
Құрметті кәсіподақ жетекшілері, кәсіподақ қозғалысының ардагерлері!
Қазіргі жағдайда мемлекет еңбек адамы мен жұмыс берушінің мүдделерін оңтайлы үйлестіруге қол жеткізе алатын күшті және жауапты кәсіптік одақтарға бұрынғыдан да көп қызығушылық танытып отыр. Осы қатарға «AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағын толық құқықпен жатқыза аламыз. 2023 жылы ол өзінің ғасырлық мерейтойын және өзінің басты міндеті медицина қызметкерлерінің заңды құқықтары мен мүдделерін абыроймен қорғауды жүзеге асырады. Осы арқылы Кәсіподақ өз мүшелерінің жоғары сеніміне ие болды.
«AQNİET» Кәсіподағы өзін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қоғамдағы экономикалық даму және әлеуметтік тұрақтылық мақсаттарына қол жеткізудегі белсенді қатысушысы және серіктесі ретінде көрсетті. Дәрігерлердің мүддесін білдіре отырып, «AQNİET» Кәсіподағы әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы заңнаманы жетілдіруге, әлеуметтік әріптестік тетіктерін нығайтуға белсенді қатысады. Атап айтқанда, кәсіподақ ҚР Үкіметі, республикалық жұмыс берушілер бірлестіктері және республикалық кәсіподақтар бірлестіктері арасындағы Бас келісімнің жобасын әзірлеуде көптеген ұсыныстар енгізді. Осы ұсыныстардың барлығы еңбекақы төлеу, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, кәсіподақтардың рөлін арттыру бойынша ең төменгі мемлекеттік стандарттарды арттыруға бағытталған еді. Медициналық мекемелердегі кәсіподақтардың көмегімен қосымша әлеуметтік пакеттерді көздейтін ұжымдық шарттар жасалады.
«AQNİET» Кәсіподағы Халықаралық еңбек ұйымының негізгі қағидаттарын мақсатты түрде ілгерілетеді. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияда белсенді жұмыс істейді.
Бірлескен күш-жігермен біз Қазақстан Республикасында 2025 жылға дейін қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл Жоспарын әзірледік. Сіздердің ұжымдарыңызда еңбекті қорғау жөніндегі инспекторлар жұмыс істейді, олардың міндеттеріне жұмыс орындарында еңбек жағдайларын тексеруді ұйымдастыру кіреді. Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы әзірлеген нөлдік жарақаттану Тұжырымдамасы енгізілуде. Бұл жұмыс Кәсіподақтың беделін нығайтуға ықпал етеді, ал «AQNIET» Кәсіподағының көшбасшыларын ерекшелейтін тәжірибе мен бастамашылық медицина саласын дамытуда маңызды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Денсаулық сақтау қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ісіне қосқан баға жетпес үлестеріңіз үшін рахмет. Әрі қарай да белсенді және жемісті қызмет тілеймін!

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543