2025 жылы 27 наурызда Қарағанды және Ұлытау облыстарының “Aqniet” Денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағы “ҚБ филиалының “Теміртау қаласының Ана мен бала медициналық орталығы” ШЖҚ КМК денсаулық сақтаудың бастауыш кәсіподақ ұйымында есептік-сайлау конференциясы өтті. Конференция жұмысына Қарағанды және Ұлытау облыстарының “AQNIET” филиалының төрағасы Г. Д. Есімсеиіт және филиал кеңесшісі А. А. Мадиярова қатысты.
Кәсіподақ комитетінің төрағасы И. Б. Наумова атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Конференция делегаттары кәсіподақ комитетінің есепті кезеңдегі жұмысына баға берді. Кәсіподақ комитеті Төрағасының басқа жұмысқа ауысуына байланысты кәсіподақ комитетінің жаңа төрағасын сайлау өтті, кәсіподақ комитеті мен тексеру комиссиясының құрамы жаңартылды.
Филиал төрағасы Г. Д. Есімсеиіт конференцияға қатысушыларды “медициналық адвокат” республикалық жобасымен таныстырды. Филиал кеңесшісі А. А. Мадиярова кәсіподақтың Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынастарын реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу мен қабылдаудағы рөлін атап өтті.
Конференция қорытындысы бойынша конференцияның барлық мүшелері дауыс берген шешімдер қабылданды. “Теміртау қаласының Ана мен бала медициналық орталығы” ШЖҚ КМК кәсіподақ комитетінің жаңа төрағасы болып неонатолог дәрігері Марсель Равильевич Суфиянов сайланды.
Кәсіподақ филиалы кәсіподақ комитетінің жаңа құрамын сайлануымен құттықтайды және жемісті жұмыс тілейді.
КӘСІПОДАҚТЫҢ КҮШІ БІРЛІКТЕ!