Медицина қызметкерлері күні

Бүгін, яғни 21.05.2024 ж. Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы ғимаратының Мәжіліс залында, “Медицина қызметкерлері күні” мерекесіне орай жиналған комиссия мүшелері, 10-нан астам номинация бойынша жеңімпаз ‘үздіктерді’ анықтау үшін әжептәуір тер төгуіне тура келді. Өйткені облыстың түкпір-түкпірінен келген, жұмыстарын видеофильм, әдемі безендірілген портфолио арқылы таныстырған үміткерлер саны 30-дан асты. Және біліктілік дәрежесі, дайындықтары жоғары деңгейде болды. Жетісу облысы әкімдігі, әлеуметтік серіктестер – денсаулық сақтау басқармасы мен кәсіподақтың бірлескен іс-шаралары денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің абыройын асқақтатып, жұмысқа деген ынтасын арттыратыны сөзсіз. Марапаттау рәсімі мереке қарсаңында, Жетісу облысы әкімінің қатысуымен салтанатты түрде өтеді.
“AQNIET” кәсіподағы филиалы, өзіне қарасты медициналық мекемелердің кәсіподақ комитеті мен мекеме әкімшілігінің шешімімен ‘үздік’ деп таныған дәрігерлерді, Turgen Rezort санаториясына тегін жолдамамен қамтамасыз етті.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU