Кәсіподақтың Шығыс Қазақстан облыстық филиалында есеп беру-сайлау конференциясы өтті

Кәсіподақтың Шығыс Қазақстан облыстық филиалында ұйымның барлық мүшелері үшін маңызды оқиға – есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференция көптеген медициналық мекемелер мен кәсіподақ ұйымдарының өкілдері мен шақырылған қонақтардың басын қосты.

Күн тәртібінде Филиалдың жұмысы туралы есепті баяндама, болашаққа жоспарлар және жаңа төрағаны сайлау болды. Дауыс беру қорытындысы бойынша денсаулық сақтау жүйесінде бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан және Кәсіподақ қызметінде бай тәжірибесі бар Динара Салимбаева жаңа төраға болып сайланды. Оның сайлануы конференцияға қатысушылар тарапынан қошемет пен қолдауға ие болды.

Іс-шарада «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Бақытжан Тәжібай сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Д. Сәлімбаеваны сайлануымен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Б. Тәжібай денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерін шешуге Кәсіподақтың барлық мүшелерінің бірлігі мен белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті. Ол жаңа төрағаның басшылығымен «AQNIET» Кәсіподағы ШҚО филиалы денсаулық сақтау қызметкерлерінің мүдделерін табысты қорғауды жалғастыратынына сенім білдірді.

Кәсіподақ қозғалысының корифейі, бұрынғы төраға – Михаил Айзенбергке ерекше алғыс сөздері айтылды, ол Филиалдың дамуына үлкен үлес қосты. Оның еңбегін конференцияға қатысушылар жоғары бағалады.

Конференция аясында кәсіподақ органдарының өкілдері өткен кезеңдегі қызметтері туралы есеп берді. Олар қол жеткізген жетістіктері, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын көрсететін егжей-тегжейлі баяндамалар ұсынды. Баяндамалар конференцияға қатысушылардың белсенді талқылауы мен ұсыныстарын тудырды.

Шақырылған қонақтар да сөз алды. Олар медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсартуда Филиал жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Кәсіподақтың ШҚО филиалындағы есеп беру-сайлау конференциясы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, болашаққа жоспар белгіледі. Іс-шараға қатысушылар Филиал өңірдің денсаулық сақтау қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған өзінің белсенді қызметін жалғастыратынына сенім білдірді.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU