Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназаровамен кездесу

24 мамырда Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназаровамен кездесу өтті. Кездесу маңызды әрі нәтижелі болды.

Біріншіден, Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан AQNIET кәсіподағының Халықаралық еңбек ұйымының жұмыспен қамту, еңбек жағдайлары және мейірбике персоналының өмірі туралы №149 Конвенциясын ратификациялауды ілгерілету жөніндегі бастамасына қолдау алынды. Біз тек дәрігер мәртебесін көтеру туралы ғана емес, сондай-ақ медбикелер мәртебесін көтеру туралы да айтуымыз қажет. Өйткені күтім жұмыстарының 80 пайызын медбикелер жүзеге асырады.

ХЕҰ № 149 Конвенциясының негізгі нормалары:

мейірбике күтімі мен мейірбикелік күтімді қамтамасыз ететін тұлғалардың барлық санаттарын қамтитын «мейірбике қызметкерлері» ұғымын кеңейту;

мейірбикелік күтімді жүзеге асыру құқығын беру шарттары және осы шарттарға сай келетін адамдардың осы құқықты беруін шектеу;

мейірбике қызметкерлеріне білім беру мен дайындықты, жұмыспен қамту және еңбек жағдайларын ұсыну үшін қажетті шараларды қабылдау;

мейірбике қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына қатысты қолданыстағы заңнамалар мен ережелерді жақсарту;

мүдделі ұйымдар жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасындағы келіссөздер арқылы жұмыспен қамту және еңбек жағдайларын анықтау;

мейірбике қызметкерлерінің мейірбикелік қызметтерді жоспарлауға қатысуы және мейірбике қызметкерлерімен оған қатысты шешімдерге қатысты кеңес беру.

ХЕҰ №157 Ұсынымдарының негізгі нормалары:

мейірбике персоналының білім және дайындық деңгейіне, функцияларына және кәсіби мейірбикелерді оқыту мен дайындаудан кейін қамтуы мүмкін практикалық қызметке рұқсатқа сәйкес санаттар бойынша жіктелуін құру;

күрделі емес функцияларды орындау үшін көмекші бикелер;

жұмыспен қамтудың барлық салалары мен секторларында қызмет көрсететін кәсіби мейірбикенің басшылығымен кіші медбикелердің, санитарлардың, тағылымдамадан өтуші студенттер мен көмекші бикелердің нақты тапсырмаларды орындауы.

Екіншіден, денсаулық сақтау қызметкерлерін толғандыратын өзекті мәселелер талқыланды (медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру институтын енгізуге байланысты заңға тәуелді актілерді дайындау, қызметкерлердің барлық санаттарының жалақысын арттыру, біліктілік деңгейлерін беруді енгізу және тағы басқалар) . Салалық үшжақты комиссияның жұмысын жандандыру туралы шешім қабылданды.

Бастысы, Министрлік басшылығы тарапынан халыққа сапалы және қолжетімді медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін саладағы әлеуметтік әріптестікті дамытуға және барлық тараптардың мүдделері үшін тиімді өзара іс-қимылға жоғары қызығушылық бар.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU