«AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлеріңің салалық кәсіподақ мүшелеріне арналған семинар басталды!

Бүгін ел өңірлерінен жиналған «AQNIET» салалық кәсіподағының мүшелері үшін Аналитика және корпоративтік басқару академиясының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілде арнайы оқыту семинары өтуде.
📌 Семинардың басты бағыттары:
🔹Келісім комиссиясының жұмысы: Еңбек дауларын сотқа дейін әділ әрі тиімді шешу тетіктері;
🔹Қызметкерлердің құқығын қорғау: Еңбек заңнамасын практикада дұрыс қолдану және ұжымдық шарттардың орындалуы;
🔹Іс-қағаздарын жүргізу: Келісім комиссиясының шешімдерін заңды түрде сауатты рәсімдеу.
👨‍🏫Курсты мемлекеттік секторда, прокуратура мен әділет министрлігі органдарында, заң саласында және квазимемлекеттік секторда 15 жылдан астам тәжірибесі бар сарапшы, Atyrau Hub (Astana Hub) филиалының директоры жүргізуде. Спикер, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 300 сағаттан астам дәріс берген, цифрландыру және құқық саласының білікті маманы.
📜Оқыту курсын сәтті аяқтаған барлық қатысушыларға еңбек заңнамасы мен келісім комиссиясының тетіктерін меңгергенін растайтын арнайы Академияда сертификаттар табысталады.
🤝💼 «AQNIET» Кәсіподақ мүшелерінің заңды білімін көтеру -еңбек ұжымындағы әділдік пен тұрақтылықтың кепілі!

ЖАНАЛЫҚТАР

#16109

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

СІЗ БІЗ ТУРАЛЫ ҚАЛАЙ БІЛДІҢІЗ?
Сіздерге қандай жаңалықтар қызықты?
  • Add your answer

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
123 копия
345 копия
345 копия
543
543
Public Service International
Public Service International
EPSU
EPSU