AQNIET кәсіподағының халықаралық тәжірибе алмасу бағдарламасы басталды!

Армысыздар, құрметті оқырман қауым!
Бүгін AQNIET кәсіптік одағының Алматы қалалық филиалының делегаттары Үндістан Республикасының астанасы Нью-Дели қаласындағы халықаралық деңгейдегі Paras Hospitals клиникасында басталған үш күндік біліктілікті арттыру бағдарламасына қатысуда.
Аталған бағдарлама AQNIET кәсіптік одағы мен ZHANIYA MEDICAL SERVICES LLP медициналық туризм компаниясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылуда.
🔹 Бағдарламаның негізгі мақсаты – Қазақстандық дәрігерлерді Үндістанның денсаулық сақтау жүйесімен, заманауи емдеу тәсілдерімен, медициналық ұйымдарды басқару тәжірибесімен және халықаралық пациенттерге қызмет көрсету үлгісімен таныстыру.
📍 Бағдарлама барысында қатысушылар:
✅ заманауи көпсалалы аурухананың жұмысымен танысады;
✅ операциялық блок, жансақтау бөлімі, диагностика және халықаралық пациенттер бөлімінің жұмысын бақылайды;
✅ онкология, кардиология, нейрохирургия, трансплантология, педиатрия және өзге де бағыттар бойынша тәжірибе алмасады;
✅ клиникалық талқылаулар мен дөңгелек үстелдерге қатысып, халықаралық әріптестік мүмкіндіктерін талқылайды;
✅ медициналық туризмді дамыту тәжірибесін зерделейді.
Бағдарлама соңында барлық қатысушыларға халықаралық үлгідегі сертификаттар табысталады.
AQNIET кәсіптік одағы өз мүшелерінің кәсіби дамуына, халықаралық тәжірибе алмасуына және білімін үздіксіз жетілдіруге әрдайым қолдау көрсетеді.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

СІЗ БІЗ ТУРАЛЫ ҚАЛАЙ БІЛДІҢІЗ?
Сіздерге қандай жаңалықтар қызықты?
  • Add your answer

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
123 копия
345 копия
345 копия
543
543
Public Service International
Public Service International
EPSU
EPSU