ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІН ҚОРҒАУДЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ
“AQNIET” кәсіподағының Алматы және Жетісу облыстары филиалы ұйымдастырған құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған мазмұнды семинарлар легі Жетісу өңірінде сәтті өтті.
Апталық іссапар барысында Алакөл ауданына қарасты Достық медициналық кешені, Жаркент қаласының денсаулық сақтау мекемелері, Фтизиопульмонология орталығы, Кербұлақ аудандық ауруханасы және “Денсаулық” шипажайында медицина қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты маңызды кездесулер ұйымдастырылды.
Әлеуметтік серіктес Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асқар Садықовтың қолдауымен, қай кәсіподақ мүшесі екеніне қарамастан өңірдегі 40-тан астам медициналық ұйымның басшылары, заңгерлері, экономистері мен кәсіподақ белсенділері арнайы бас қосып, құқықтық білімдерін жетілдірді.
Бұл бастама – медицина қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін нығайтып, еңбек адамының құқығын қорғауға бағытталған нақты қадам.
“AQNIET” кәсіподағы – алалауды білмейтін, әділеттілік пен адалдықты басты құндылық санайтын,
бірлікті ту еткен, медицина мамандарының шынайы, іс жүзінде қорғаны болып келе жатқан ұйым.
AQNIET жолы – әрбір медицина маманының құқығы қорғалып, еңбегі бағаланатын жарқын болашаққа бастайтын кемел жол.















