Құрметті ханымдар!

Қазақстандық денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы «AQNIET» атынан және өз атымнан сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
🌷 Бұл күн – ханымдарға деген құрметтің, ризашылық пен алғыстың белгісі. Қоғамның, отбасының және мемлекеттің дамуына қосқан зор үлестеріңіз әрдайым жоғары бағаланады.
🌷 Денсаулық сақтау мен әлеуметтік салада еңбек етіп жүрген ханымдарға ерекше алғысымды білдіремін. Сіздер күн сайын жоғары кәсібилік, мейірім, төзімділік пен өз ісіне деген адалдық танытып, адамдардың денсаулығы мен амандығы үшін аянбай қызмет етесіздер.
🌷 Сіздердің еңбектеріңіз – тек үлкен жауапкершілік пен қоғамға қызмет ету ғана емес, сонымен бірге күш-жігердің, даналықтың және адамгершіліктің жарқын үлгісі. Өмірлеріңізде әрдайым қуаныш, шабыт және жаңа жетістіктер мол болсын!Сіздерге зор денсаулық, бақыт, береке, отбасы жылуы мен көктемдей көтеріңкі көңіл-күй тілеймін!
🌸 Мерекелеріңіз құтты болсын, қадірлі әйелдер!
Құрметпен,
Бақытжан Тәжібай
«AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің
салалық кәсіподағы төрағасы.

ЖАНАЛЫҚТАР

#15354

Отраслевое соглашение на 2026–2028 годы: результат совместной и последовательной работы

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

СІЗ БІЗ ТУРАЛЫ ҚАЛАЙ БІЛДІҢІЗ?
Сіздерге қандай жаңалықтар қызықты?
  • Add your answer

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
123 копия
345 копия
345 копия
543
543
Public Service International
Public Service International
EPSU
EPSU