AQNIET кәсіподағының Алматы қаласындағы филиалының құрамындағы медициналық мекемелер “Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы” Республикалық акция аясында іс-шара өткізді.
әйелдер құқығы, дискриминацияның алдын алу, моббинг және жұмыс орнындағы психологиялық қысым туралы дәрістер мен түсіндіру семинарлары әр мекемеде жүргізілді.














