Денсаулықты қорғауда – 100 жыл!

Бүгін Астана қаласындағы №1 көпсалалы қалалық аурухананың акт залында медицина саласына адал қызмет етудің, кәсіби шеберліктің және адам өміріне деген жауапкершіліктің 100 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
? «AQNIET» денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы атынан төраға Бақытжан Тәжібай аурухана ұжымын айтулы мерекемен құттықтап, бірнеше буын медицина қызметкерлеріне мамандыққа деген адалдығы мен еліміздің денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.
?️Құттықтау сөздерімен:
«AQNIET» кәсіподағының «МедАдвокат» республикалық жобасының бас координаторы Даурен Нұрсапа; Денсаулық сақтау ардагерлері Станислава Владимировна мен Айман Мұқажанова; №1 қалалық көпсалалы аурухананың бастапқы кәсіподақ ұйымының төрайымы Наталья Тё сөз сөйледі.
? Салтанат барысында еңбек ардагерлеріне және үздік қызметкерлерге алғыс хаттар мен марапаттар табыс етілді.
? Мерейтой құрметіне «AQNIET» кәсіподағы аурухананың әр бөлімшесіне теледидар мен микротолқынды пештер сыйға тартты — бұл медицина қызметкерлерінің күн сайын пациенттерге көрсетіп жүрген еңбегі мен қамқорлығына деген алғыс пен ризашылықтың белгісі.
? Мерекелік шара ардагерлерді, дәрігерлерді, мейірбикелер мен жас мамандарды біріктіріп, ұрпақтар сабақтастығы мен бірліктің айқын көрінісіне айналды.
✨ Аурухананың келесі ғасыры жаңа жетістіктерге, инновацияларға және ең бастысы — халық денсаулығына деген қамқорлыққа толы болсын!

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

СІЗ БІЗ ТУРАЛЫ ҚАЛАЙ БІЛДІҢІЗ?
Сіздерге қандай жаңалықтар қызықты?
  • Add your answer

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
123 копия
345 копия
345 копия
543
543
Public Service International
Public Service International
EPSU
EPSU