Бүгін Астана қаласындағы №1 көпсалалы қалалық аурухананың акт залында медицина саласына адал қызмет етудің, кәсіби шеберліктің және адам өміріне деген жауапкершіліктің 100 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

«AQNIET» денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы атынан төраға Бақытжан Тәжібай аурухана ұжымын айтулы мерекемен құттықтап, бірнеше буын медицина қызметкерлеріне мамандыққа деген адалдығы мен еліміздің денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

Құттықтау сөздерімен:
«AQNIET» кәсіподағының «МедАдвокат» республикалық жобасының бас координаторы Даурен Нұрсапа; Денсаулық сақтау ардагерлері Станислава Владимировна мен Айман Мұқажанова; №1 қалалық көпсалалы аурухананың бастапқы кәсіподақ ұйымының төрайымы Наталья Тё сөз сөйледі.

Салтанат барысында еңбек ардагерлеріне және үздік қызметкерлерге алғыс хаттар мен марапаттар табыс етілді.

Мерейтой құрметіне «AQNIET» кәсіподағы аурухананың әр бөлімшесіне теледидар мен микротолқынды пештер сыйға тартты — бұл медицина қызметкерлерінің күн сайын пациенттерге көрсетіп жүрген еңбегі мен қамқорлығына деген алғыс пен ризашылықтың белгісі.

Мерекелік шара ардагерлерді, дәрігерлерді, мейірбикелер мен жас мамандарды біріктіріп, ұрпақтар сабақтастығы мен бірліктің айқын көрінісіне айналды.

Аурухананың келесі ғасыры жаңа жетістіктерге, инновацияларға және ең бастысы — халық денсаулығына деген қамқорлыққа толы болсын!