Оған еліміздің барлық өңірлерінен филиал өкілдері қатысты.
? Атқару комитетінің жұмысы барысында Кәсіподақ қызметінің өзекті мәселелері қаралып, жүзеге асырылған жобалардың қорытындылары шығарылды, алдағы кезеңге арналған жоспарлар талқыланып, Кәсіподақты одан әрі дамытуға, филиалдар арасындағы бірлікті нығайтуға және өңірлердегі жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған қаулылар мен шешімдер қабылданды.
✨ Талқылау қорытындысы бойынша:
- филиалдар мен бастауыш ұйымдардың жұмысын күшейтуге бағытталған маңызды шешімдер қабылданды;
- Кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары бойынша қаулылар мақұлданды;
- денсаулық сақтау саласы мен кәсіподақ қызметіндегі қазіргі заманның сын-қатерлерін ескере отырып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.
? Отырыстың барысында «Ақниет кәсіподағының үздігі» марапаттарын табыстау рәсімі өтті. Бұл жоғары марапатқа Алматы және Жетісу облыстарының, Алматы филиалының, Жамбыл және Ақмола облыстарының кәсіподақ көшбасшылары Асан Шалтабаев, Алтын Даутова, Бахыт Козбақов, Асылхан Сапақбаев ие болды.
Сондай-ақ Кәсіподақтың «Медициналық адвокат» республикалық жобасының үйлестірушісі, медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғаушы Даурен Нұрсапа жеке марапатпен атап өтілді.
? Күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың бірі – 2025 жылғы Республикалық Спартакиадаға дайындық болды. Спартакиада медицина қызметкерлері арасында ертең басталады. Отырыстың соңында Кәсіподақ филиалдары арасында командалардың шығу ретін анықтайтын жеребе тарту рәсімі өткізілді. Ертең үлкен спорт аренасында үздіктердің үздігін көруге мүмкіндік туады!
? «AQNIET» Кәсіподағының Атқару комитеті ашықтық, бірлік және кәсіподақ мүшелері алдындағы жауапкершілік қағидаттарына адалдығын тағы бір мәрте растады.
? «AQNIET» — елдің түкпір-түкпіріндегі медицина қызметкерлерін біріктіретін біртұтас күш!
















