Бүгін «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының өкілдері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шақыруымен Астанада өтіп жатқан іс-шараларға қатысты.

ДДҰ апталығы аясында келесі іс-шаралар өтті:
— Денсаулық сақтау кадрлық ресурстары бойынша жоғары деңгейдегі саяси диалог,
— денсаулық сақтау саласындағы еңбек нарығына жүргізілген жаңа талдаудың нәтижелерін таныстыру.

Негізгі оқиғалардың бірі – «2025–2030 жылдарға арналған Орта Азияда мейіргерлік және акушерлік істі нығайту жөніндегі стратегиялық бағыттар» аталатын Орта Азия елдері қол қойған стратегиялық құжат. Бұл құжатқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан өкілдері қол қойды. Бұл аймақтағы мейіргерлік және акушерлік саланы дамытудағы күш-жігерді біріктіру бағытындағы маңызды қадам болды.

«AQNIET» Кәсіподағы халықаралық диалогтың белсенді қатысушысы ретінде бұл құжатты қолдап, кадрлық әлеуетті дамытуға, қызметкерлердің құқықтарын қорғауға және денсаулық сақтау жүйесіндегі еңбек жағдайларын жетілдіруге өз міндеттемесін растады.
2025–2030 жылдарға арналған стратегиялық жүйеде келесілер қарастырылған:

денсаулық сақтау жүйелерінің тұрақтылығын нығайту;

мейіргерлік және акушерлік кадрларды жаңғырту;

білім беруді, жұмыс орындарын, көшбасшылықты және реттеуді дамыту;

Орта Азия елдерінің өңірлік ынтымақтастығын кеңейту;

ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросымен және халықаралық серіктестермен өзара іс-қимылды күшейту.

Бұл бастама өңір елдерінің бірлескен жұмысына және медицинадағы заманауи тәжірибелерді ілгерілетуге жаңа мүмкіндіктер ашады. «AQNIET» Кәсіподағы әрі қарай да қызметкерлердің мүдделерін білдіре отырып, денсаулық сақтаудың халықаралық стандарттарын қолдап, ұлттық және өңірлік саясатты дамытуға үлес қоса береді.

Сондай-ақ, «AQNIET» Кәсіподағы халықаралық маңызды стандарт —

ХЕҰ-ның №149 «Мейіргерлік персоналдың жұмыспен қамтылуы және еңбек жағдайлары туралы» Конвенциясын ратификациялауды ілгерілетіп келеді.
Бұл бастама Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылып, ел бойынша мейіргерлердің еңбек жағдайларын жүйелі түрде жақсарту қажеттілігін білдіреді.