«AQNIET» Кәсіподағы Атқару комитетінің кеңейтілген отырысы
Бүгін Бақытжан Тажібайдың төрағалығымен «AQNIET» Кәсіподағы Атқару комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда саланы қаржыландырудың негізгі мәселелері, медицина ұйымдарындағы жалақының төмендігі және ӘМСҚ тарифтік саясатын өзгерту қажеттілігі талқыланды.
1.Медициналық қызметкерлердің еңбекақысын және медициналық көмекті қаржыландыруды пациенттің сақтандыру мәртебесіне, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына жүгіну немесе жүгінбеу фактісіне тәуелділіктен шығару.
2.Денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастырудағы жүйелі кемшіліктерге байланысты, қызметкерлердің табысына әсер ететін айыппұл санкцияларын, төмендетуші коэффициенттерді және КДУ бойынша сызықтық шкаланы қолдануды тоқтату.
3.Жоғары шығынды медициналық көмектің түрлерін қаржыландыруды жеке мемлекеттік бағдарламалар немесе медициналық қызметкерлердің жалақысының төмендеуіне жол бермейтін тетіктер арқылы қамтамасыз ету.
4.Қолданыстағы тарифтер, айыппұлдар және коэффициенттер жүйесін қайта қарау үшін кәсіподақтар мен кәсіби медициналық қауымдастықтардың міндетті қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобын құру, сондай-ақ сала қызметкерлерінің жалақысын 100%-дан 150%-ға дейін арттыру бойынша жеке бағдарламаны әзірлеу.















