Армысыздар қымбатты оқырман қауым!
Алматы қаласында «AQNIET» кәсіподағының Алматылық филиалының ұйымдастыруымен «Mercure» қонақ үйінің конфенц залында «Жаңа конституция мен денсаулық жүйесіндегі әлеуметтік кепілдіктер» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелге «AQNIET» кәсіподағы орталық кеңес төрағасы Бақытжан Арынұлы Тәжібай мырза мен Еліміздің сенат және мәжіліс , маслихат мінберіндегі белсенді Депутаттары (Шиповских Г.Г. , Игибаев Е.М., Миронов Е.Н.) қатысты.
Дөңгелек үстелде Еліміздің депутаттарынан бөлек БМСК денсаулықсактау ассоциациясының төрағасы Мухамеджанова Г.Б. мен «Самұрық медикал клиник» гениралды директоры Конурбаев Е.К. жиынға ат салысты.
Дөңгелек үстелде талқыланған Мәселелер Елімізде жаңадан референдум нәтижесінде қабылданған Конституциядағы жаңа өзгерістерге талдаулар жасалып, ол өзгерістердің азаматтар өміріндегі алатын ұтымды тұстары баяндалды.
«AQNIET» Кәсіподағының өкілдері жаңа ата-заң бойынша мемлекетіміздің жасаған өзгерістерін қолдайтынын білдірді.
Дөңгелек үстел барысында Денсаулық сактау жүйесіндегі цифрлық технологияларды тиімді қолдану , әлемдік денсаулық сактау жүйесінің үздік тұстарын күнделікті жұмыста қолдану мәселесіне үлкен мән берілді және кәсіподағымыздың осы бағыттағы жұмысы баяндалды.



















