1 наурыз — «Алғыс айту» күніне орай, 1 және 2 қалалық емханаларда кездесу өтті. Кездесуде Атырау облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Н.Д Сарсенова барша медицина саласының қызметкерлеріне өлшеусіз еңбектері үшін алғыс айтты. Әсіресе, жер жаһанды жайлаған тәжі вирусының өршіген кезінде бастапқы медициналық көмек көрсеткен, қиыншылықты да, ауыртпалықты да мойындарына алған осы емханалар ұжымы. Дертке алғашқы болып шалдыққандар да осы дәрігерлер мен мейірбикелер. Сондықтан емхана қызметкерлері қандай да болса қошемет пен алғысқа лайықты. Пандемияның қауқары әлі де қайтқан жоқ. Сондықтан да босаңсуға болмайды. Кездесу соңында қайырымдылық көмек те берілді.
НАШЕ БЛАГОПОЛУЧИЕ В НАШИХ БЛАГИХ ДЕЛАХ!