ЕЛ ИГІЛІГІНЕ – ЖАҢА ЕМХАНА

Республика күні қарсаңында Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында халық денсаулығын қорғау жолындағы маңызды қадам жасалып, заманауи үлгідегі жаңа емхана ел игілігіне берілді!
Бұл – өңірдің денсаулық сақтау саласындағы айтулы жетістігі, тұрғындардың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін арттыруға бағытталған игілікті бастама.
Бір ауысымда 500-ден астам адамды қабылдауға қауқарлы жаңа емхана 62 мың тұрғынға қызмет көрсетеді. Медициналық мекеме заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Атап айтқанда, магниттік-резонанстық томография (МРТ), компьютерлік томография (КТ), рентген және маммография аппараттары тұрғындардың денсаулығын терең әрі жан-жақты тексеруге мүмкіндік береді.
Заманауи технологиялар – ауруды ерте анықтаудың, дер кезінде емдеудің және адам өмірін сақтап қалудың сенімді кепілі. Жаңа медициналық орталықтың ашылуы тұрғындардың денсаулығын нығайтуға, аурулардың алдын алуға және медициналық қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеруге жол ашады.
Халық денсаулығы – ел байлығы, ұлт саулығы – мемлекет болашағы! Осындай игілікті істер еліміздің әлеуметтік әлеуетін арттырып, халықтың ертеңге деген сенімін нығайта түседі.
Республика күні қарсаңындағы бұл қуанышты жаңалық – Тәуелсіз еліміздің өркендеуінің, Жетісу өңірінің дамуының және адам өмірі мен денсаулығына деген қамқорлықтың жарқын көрінісі!
Ел игілігіне қызмет ететін жаңа емхананың шаңырағы биік, жұмысы жемісті болсын! Ақ халатты абзал жандардың еңбегі абыройлы болып, ем іздеп келген әрбір жан шипасын тапсын!

НОВОСТИ

ОЗДОРОВИТЕЛЬНЫЙ ЦЕНТР

В Тургеньском ущелье на берегу горной реки удобно разместился наш Оздоровительный реабилитационный центр «Денсаулық». Здесь, среди гор на берегу реки, вы сможете провести незабываемый отдых, подышать чистейшим воздухом, насладиться тишиной, пением птиц, полюбоваться прекрасной природой. www.spaturgen.kz

КАК ВЫ УЗНАЛИ О НАС?
КАКИЕ НОВОСТИ ВАМ ИНТЕРЕСНЫ?
  • Добавить свой ответ

ПОЛЕЗНЫЕ ССЫЛКИ

Управление общественного здравоохранения города Нур-Султан
Управление общественного здравоохранения города Нур-Султан
Акимат г. Нур-Султан
Акимат г. Нур-Султан
Министерство здравоохранения РК
Министерство здравоохранения РК
Международная Организация Труда
Международная Организация Труда
"Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников здравоохранения" г. Нур-Султан
"Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников здравоохранения" г. Нур-Султан
logo (2)
logo (2)
logo (1)
logo (1)