Әділдік мақсатқа жеткізеді

2024 жылғы жоспарымызға сәйкес ,, AQNIET” кәсіподағының Алматы және Жетісу облыстарының филиалы(ары қарай филиал) жыл қорытындысына арналған кезекті Атқару комитет пен кенейтілген төраға/төрайымдар Кеңесін ЖАҢА кеңседе(офисте) өткізді.
‘Арманың орындалады,егерде мақсатын айқын болса’ — дегендей, жаңа кеңсе алу ойы филиал төрағасы болып сайланғаныма 2-3 жыл болғанда 2016 ж. келді. Кәсіподақ қозғалысындағы ұстаздарым В.Комлев, З.Дүйсенбаева, В. Дрозд бұрынғы кеңсемізді (бір бөлмелі пәтер, 30 м.квадрат жуық) 1999 жылы филиалдың меншігіне сатып алған болатын, қарап отырсақ сол офисте 25 жылдан астам уақыт бойы қарқынды жұмыс атқарыппыз.
‘Жаманды құлқы тоздырар’ — ойы, қолы таза болмағаннан, егемендік алғаннан бері ұры-қарылар кәсіподаққа тиесілі көптеген обьекттерді сатып, қиратып жіберді.
‘Жақсыны арманы оздырар’ — біздің
,,AQNIET” кәсіподағы басқа кәсіподақтардың ойына келмеген
,,Денсаулық” емдеу-сауықтыру орталығын 2013 жылы салып іске қосты, 2022 жылы Астанадағы Орталық Кеңес аппараты бірінші болып жаңа, меншікті кеңсесіне кірді.
Филиалда көптен бері армандаған, көлемі 70 м. квадратқа жуық жаңа кеңсеге қол жеткіздік. Осы кеңсенің ішіне игі жақсылар жиналып, кәсіподақ мүшелеріміздің мүддесі мен әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартатын ой-пікір айтылып, жақсы шешімдердің қабылдары хақ деп ойлаймын.
Өмірге өшпес із қалдыру дегеніміз — абыройлы іс атқарып, соңынан елге еңбегің сіңсе, білімін таралса, артыңнан жақсы сөз айтылса, одан артық мәртебе жоқ. Кәсіподағымыздың іс-әрекеттері де соңы көздейді, сондықтан игі жақсыларды
,,AQNIET”-пен бірге болуға шақырамын.

НОВОСТИ

ОЗДОРОВИТЕЛЬНЫЙ ЦЕНТР

В Тургеньском ущелье на берегу горной реки удобно разместился наш Оздоровительный реабилитационный центр «Денсаулық». Здесь, среди гор на берегу реки, вы сможете провести незабываемый отдых, подышать чистейшим воздухом, насладиться тишиной, пением птиц, полюбоваться прекрасной природой. www.spaturgen.kz

[democracy id=»3″]

[democracy id=»2″]

ПОЛЕЗНЫЕ ССЫЛКИ

Управление общественного здравоохранения города Нур-Султан
Акимат г. Нур-Султан
Министерство здравоохранения РК
Международная Организация Труда
"Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников здравоохранения" г. Нур-Султан
logo (2)
logo (1)