Кәсіподаққа саналы мүшелік бүкіл азаматтық қоғам үшін игілік!

Кәсіподақ активінің кәсібилігін арттыру қашанда «AQNIET» Кәсіподағының қызметіндегі басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Ағымдағы жылдың 30-31 қаңтарында «Денсаулық» СОО базасында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары үшін «Жұмыскерлерді кәсіподаққа тарту технологиясы. Мотивацияның заманауи әдістері».

Кәсіподақ қатарын нығайту, кәсіподақ мүшелігін ынталандыру бойынша жұмыс оның формалары мен әдістерін үнемі жетілдіріп, оған белгілі бір жүйелілік беруді талап етеді.

Семинарды Кәсіподақ төрағасы Бақытжан Тәжібай ашып, «Саланы реформалау жағдайындағы «AQNIET» кәсіподағының жұмыс тәжірибесі туралы» презентациясымен сөз сөйлеп, кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғау жөніндегі мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізудегі Кәсіподақтың мүмкіндіктері туралы баяндады.

Семинар спикері «KAMEDA» қоғамдық қорының атқарушы директоры Махаббат Еспенова мотивация және оны басқару процесін, кәсіподаққа тарту технологияларын жоспарлау, ұйымдастыру, жандандыру, бақылау, үйлестіру қажеттігін егжей-тегжейлі ашып, ақпараттық жұмыс әдістерін қолдану арқылы жұмыскерді кәсіподаққа тарту әдістемесіне баса назар аударды.

Төраға Бақытжан Тәжібай семинардың екі күнін қорытындылай келе, қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс айтып, оқытуды өткізудің маңыздылығын атап өтті, өйткені қызметкерлердің құқықтарын қорғаудағы іс-қимылдардың табыстылығы Кәсіподақ көшбасшысының кәсібилігіне де байланысты.

Семинар соңында қатысушыларға оқудан сәтті өткені туралы сертификаттар табысталды.

Семинарға қатысушылар қызықты әрі мазмұнды семинар үшін дәріскерге алғыстарын білдірді.

ЖАНАЛЫҚТАР

САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Түрген шатқалында таулы өзен жағасында біздің «Денсаулық» сауықтыру оңалту орталығымыз ыңғайлы орналасты. Мұнда таулар арасындағы өзен жағасында сіз ұмытылмас демалыс өткізіп, таза ауамен тыныс аласыз, тыныштықтан және құстардың әнінен ләззат алып, әсем табиғатты тамашалай аласыз.
www.spaturgen.kz

[democracy id=”1″]

[democracy id=”4″]

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

icon
1200px-Emblem_of_Nur-Sultan-1.svg_
123 копия
345 копия
543
Public Service International
EPSU