ПРОФСОЮЗУ «AQNİET» 100 ЛЕТ
«AQNIET» денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымын 100 жылдық мерейтойымен құттықтау сөздері:
ЕФПОО (ҚҚККЕФ) Бас хатшысы Ян Виллем Гудриан
Құрметті пікірлестер, «AQNİET» Кәсіподағының мүшелері!
Мен Сіздерге қоғамдық қызмет көрсету кәсіподақтарының еуропалық Федерациясынан ынтымақтастық сәлемін жолдаймын. Бұл ұйымда Еуропа елдерінен сегіз миллион адам және әлемнің түкпір-түкпірінен отыз миллион мүше бар. Біз біріге отырып мемлекеттердің, Еуропалық және халықаралық қауымдастықтардың, жұмыс берушілердің шешімдеріне ықпал етуге тырыса-мыз.
Биылғы жыл Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағы үшін ерекше. Ол 100 жасқа толады.
Кәсіподақ – кәсіподаққа мүше қызметкерлердің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау және өкілдік ету құқығына ие жалғыз заңды және тәуелсіз қоғамдық ұйым.
Сіздер лайықты жалақы мен сапалы медициналық қызмет көрсету үшін ең жақсы еңбек жағдайларына лайықсыздар.
Бізді кәсіподақтардың құқықтары бойынша өзгерістердің серпіні қай бағытта жүретіні және үкіметтер мен басқа да мүдделі тараптар үшін ең негізгі ұсыныс – ХЕҰ конвенциясын ұстану, осы конвенциялардың ережелерін, сондай-ақ кәсіподақтар бостандықтары жөніндегі ережелер мен ұжымдық шарттардың ережелерін сақтау туралы сұрақтар қызықтырады.
EPSU (ҚҚККЕФ) және PSI-мен (ҚҚКИ) бірге Қазақстанда қауіпсіз жұмыс ортасын құрғымыз ке-леді. Баршаңызды, Сіздердің басшыларыңызды біріккен халықаралық жұмысқа үлкен көмек көрсеткені үшін және сіздердің ұстанымдарыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Сіздердің дауыста-рыңыз PSI қызметіне, кеңсе жұмысына әсер етеді. Бізде көптеген кедергілер болады, бірақ біз оларды бірге жеңеміз.
Біз қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін, еңбек сала-сында жалпыға бірдей танылған халықаралық стандарттарды енгізуді ілгерілететін және ел ішіндегі азаматтық қоғам институттарымен және шетелдегі кәсіподақ ұйымдарымен сындарлы өзара іс-қимыл жасайтын, әлеуметтік әріптестіктің жауапты тарапы болып табылатын, ықпалды және күшті ұйым болуға ұмтыламыз.
Біздің күшіміз бірлікте!
Сіздерге мақсатқа жету үшін одан әрі дамуды тілеймін.
Мереке құтты болсын, мерейтой құтты болсын!